Ахмет Байтұрсынұлы
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог
(1872-1937) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
***
Тарту
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?!
Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!