Маңғыстау облысы

Уақытша әкелген автомобильдердің ЕАЭО-да болу мерзімдері ұзартылды 8 Сәуір в 09:50 20

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі 5 сәуірде жеке тұлғалар жеке мұқтаждықтары үшін уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімін 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартқанын хабарлайды. ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Олег Панкратовтың айтуынша, мерзімдерді ұзарту covid-2019 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және болдырмау жөніндегі шаралар мен шекараны кесіп өтуге қойылған шектеулер 2021 жылғы 31 наурыздан кейін өз күшін сақтап қалуымен байланысты.

Осылайша, автомобильдер мен басқа да техниканы уақытша әкелген азаматтар ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін оларды ЕАЭО-дан кері әкету міндетінен босатылды.

Шешім сонымен қатар Калининград облысынан автокөліктерімен жеңілдетілген кедендік тәртіпте келген  азаматтарға да қатысты.

Олег Панкратов бұл шешім Дүниежүзілік кеден ұйымының COVID-19 пандемиясы кезеңіндегі жұмысы туралы кеден әкімшіліктері үшін жарияланған ұсыныстарына сәйкес келетінін атап өтті.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ға тұрақты тұруға қоныс аударған адам, босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алған шетелдік азаматтардың жеке мүлкін ЕАЭО кедендік аумағына жеңілдікпен бажсыз әкелуі мүмкін болған кезде 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін 18 ай мерзім ішінде тоқтата тұрады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх