Қарағанды облысы

Теміртауда «Окжетпес-Т» ЖШС-не қатысты тексеру жүргізілді 23 Ақпан в 12:00 18

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Теміртау қаласы тұрғындарының пәтерлеріндегі төмен температураларға қатысты шағымдары негізінде «Окжетпес-Т» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

«Окжетпес-Т» ЖШС-ы қызметінің жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, жеткізу және қайтару құбырларында берілген және нақты көрсеткіштредің айтарлықтай ауытқуы анықталды. Осы көрсеткіштредің негізінде крсетілетін қызметтердің сапасы белгіленгенге сәйкес келмейтіні анықталды.

Осылайша, «Окжетпес-Т» ЖШС-ның әрекеттерінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 164-бабының 4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері, атап айтқанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді тиісінше орындамауы байқалады. Осыған байланысты «Окжетпес-Т» ЖШС-на әкімшілік айыппұл салынды.

Осыған байланысты «Окжетпес-Т» ЖШС-не 4 667 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үйге ортақ есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға толық жеткізілмеген жылу энергиясы үшін қайта есептеу 2020-2021 жж. жылыту кезеңінің соңында жүргізілетінін хабарлаймыз.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 458 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 101 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 100 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх