Қостанай облысы

"СПУТНИК V" екінші компонентін алу мерзімі өзгерді 4 Мамыр в 12:10 37

Бүгінгі күні Қостанай облысында бірінші компонентпен 17 893 адам, екінші компонентпен 5086 адам егілді. Қостанай емханаларында бірінші компоненттің 4 212 дозасы, екінші компоненттің 5 789 дозасы қалды.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17 қаулысына сәйкес, "Спутник V" вакцинациялау кестесіне өзгерістер енгізілді. Енді осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу арасындағы интервал 45 күн болуы керек.

- Халыққа вакцинациялау мәселесінде Денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер үлгі болуы тиіс, өйткені олар адамдармен тікелей жұмыс істейді, - деп атап өтті Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов.

Бүгінде Қостанайда 10 егу пункті жұмыс істейді (Қостанай плаза 3-қабат, Бизнес-Орталық 9-қабат, "Емшан" 4-қабат, "Апельсин" СОО 2-қабат, Абай көшесіндегі "Астықжан" 1-қабат). Сонымен қатар ірі кәсіпорындар мен мектептерге 4 мобильді көшпелі бригада ұйымдастырылды. Қайрат Ахметов халық көп жиналатын нысандарда, мысалы, Орталық базар, "Складская" азық-түлік базары аумағында қосымша егу пункттерін ашуды, ЖОО мен ООО-ны қосуды ұсынды.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх