Сатпаевта Open Zhezkazgan шеберлік сабағы өтті 23 Ақпан в 16:00 12
Сатпаевта Open Zhezkazgan шеберлік сабағы өтті 23 Ақпан в 16:00 12
Қарағанды облысы Білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім беру аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы Сәтбаев қаласында "Жігер" жастар қозғалысының үйлестірушілеріне арналған Open Zhezkazgan көшпелі шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара ZOOM платформасында "Жігер" жастар қозғалысын құру алгоритмі, Қарағанды облысында құжаттама жүргізу және волонтерлік сияқты бағыттар бойынша онлайн форматта өткізілді.
Колледж оқушыларының проблемалық мәселелерін талқылау үшін Сәтбаев қаласында шеберлік сабақ аясында имаммен, Қамқоршылық кеңес және ювеналды полиция өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.
Сондай-ақ, белсенді жастар еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "30 игі іс" жобасына кіретін "Қайырымды істердің қысқы мезгілі" волонтерлік акциясына қатысты.
Комментарийлер