Шымкент Сегодня в 18:30 Шымкент қаласы 2023 жылы табиғи газбен толық қамтылады Шымкент қаласында 81 шағын ауданның 65-і сапалы электр қуатымен қамтылған. Өткен жылы 13 шағын ауданда электр желісінің құрылысы аяқталып, 23 мыңнан астам адам сапалы электр желісіне қосылды. Нәтижесінде, қамту көрсеткіші 93 пайыздан 95 пайызға жоғарылады.
Шымкент Сегодня в 16:30 Мектептерді жабдықтауға 6 млрд теңге бөлінген Білім саласындағы мәселелердің бірі – материалдық-техникалық база. Шымкенттегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматтағы халық алдындағы есеп беру кездесуінде биыл мектептерді жабдықтауға 6 млрд теңге бөлінгенін айтты.
Шымкент Сегодня в 11:30 Шымкентте тұрғын үй құрылысы қарқын алған 2020 жыл еліміз үшін сынаққа толы жыл болса да, Шымкент қаласы жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Есепті кездесуінде осылай деген қала әкімі М.Әйтенов тұрғындар қолдау көрсетіп отырса, биылғы жылыда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенімді екенін айтты.
Шымкент Сегодня в 10:00 500 мыңға жуық тұрғынға көмек көрсетілді Шымкент қаласында жарты миллионға жуық тұрғынға көмек көрсетілді. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов есепті кездесуінде айтып өтті. 2020 жыл бүкіл әлемді жайлаған індетпен күрес жағдайында өрбігенін айтқан қала басшысы елімізде жарияланған төтенше жағдай мен карантин кезінде Шымкенттегі 483 482 тұрғынға мемлекет тарапынан көмек көрсетілгенін мәлім етті.
Шымкент 18 Ақпан в 19:30 Шымкент қаласында көптеген заңбұзушылықтар анықталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасы бойынша мониторингтік топ жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Шымкент қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қызмет алушылардың құқықтарын бұзудың көптеген фактілері анықталды.
Шымкент 17 Ақпан в 10:00 Шымкентте тұтынушыларға жылу үшін 3,34 млн теңге қайтарылады Шымкент қаласы тұрғындарының сапасыз жылумен жабдықтау және жылумен жабдықтаудың жоғары құнына байланысты шағымдары негізінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Шымкент 15 Ақпан в 15:15 Оқ атудан ел біріншілігі өтті Шымкентте оқ атудан ел біріншілігі өтті. Орталық спорт клубының нұсқаушы спортшыларының қоржынында он алтын, жеті күміс және үш қола медаль бар.
Шымкент 12 Ақпан в 12:30 Негізсіз алған 1,86 млн теңге табысты тұтынушыға қайтарады Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың топтарына сәйкес емес тарифті қолдануға қатысты «Нұр-Арман» бөбекжай балабақшасы» ЖШС-ның шағымы негізінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Шымкент 19 Қаңтар 2021 в 12:45 Жылыжайы бар мектеп Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Асар шағын ауданындағы №89 мектеп-лицейіне барып, білім ұясының тыныс-тіршілігімен танысты.
Шымкент 19 Қаңтар 2021 в 11:50 Табиғи апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев 2021 жылы табиғи апаттардың алдын алу және болдырмау, басқа да ТЖ алдын алу бойынша жұмыс жоспарларын баяндады.
Шымкент 19 Қаңтар 2021 в 11:25 Республикада бірінші орында ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Kundelik.kz» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде Шымкент қаласы «Алтын белгі» жүлдесімен марапатталды. Марапатты қала «Kundelik.kz» ЖШС директоры Марат Ищанов қала әкімі Мұрат Әйтеновке табыстады.
Шымкент 30 Желтоқсан 2020 в 11:30 Жаңа босанған әйелді аман алып қалды Шымкент қаласында 17 желтоқсан күні жаңа босанған әйел ауыр халде перзентханадан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауыстырылған. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр болған, әрі өздігінен демала алмаған науқасты дәрігерлер жансақтау бөліміндегі өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан.
Шымкент 29 Желтоқсан 2020 в 12:30 Шымкентте 11 тұрғын үй еріген қар суынан арылды Шымкент қаласында қардың еру салдарынан тұрғын үйлерге су жиналып, «112» құтқару қызметіне 11 хабарлама келіп түскен. Тұрғындардың шағымы бойынша қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан дер кезінде шара қолданып, үйлер жиналған судан тазартылды.
Шымкент 29 Желтоқсан 2020 в 11:00 Медицина ұйымдары 100% интернет желісіне қосылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласындағы барлық 14 мемлекеттік емхана электронды денсаулық паспортымен қамтылған. Осының арқасында дәрігерлер науқастарға медициналық көмекті электронды форматта көрсетіп жатыр. Бұл үшін интернет желісімен қаланың медицина ұйымдары 100% қамтылған.
Шымкент 28 Желтоқсан 2020 в 15:45 16 мыңнан астам азамат шипажайда ақысыз емделді Шымкент қаласында жыл басынан бері 16 мыңнан астам азамат еліміздің түрлі шипажайларында емделді. Оның ішінде 11 516 жолдама зейнет жасындағы азаматтарға, 4 994 жолдама мүгедек жандарға берілді.
Шымкент 28 Желтоқсан 2020 в 15:15 Жас маман мемлекетаралық достықты нығайтуда Шымкентте еліміздегі жас мамандарға қолдау көрсету тұрғысындағы мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асып келеді.
Шымкент 24 Желтоқсан 2020 в 14:15 Туристік портал мен мобильдік қосымша іске қосылды Шымкентте туристер мен қонақтарға қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін «visit-shymkent.kz» туристік ақпараттық порталы мен «visitshymkent» мобильдік қосымшасы іске қосылды.
Шымкент 22 Желтоқсан 2020 в 17:40 Шымкентте «Принт» кілемшелер шығарылады Шымкент қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 5 өндіріс орны іске қосылған болатын. Соның бірі Бал текстиль кілем зауыты жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт. Бұл кілемшелердің айырмашылығы заманауи үлгіде тоқылған. Яғни еденде таймайды және оны кір жуатын машинада жуа беруге болады. «Принт» кілемшелер арнайы дизайнмен, кез келген суретті кілемге басу әдісімен жасалынады.
Шымкент 22 Желтоқсан 2020 в 10:45 "Балалар өнер мектебі" падалануға берілді Шымкентте «Балалар өнер мектебінің» құрылысы аяқталды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өнер мектебінің тұсауын кесіп, ғимаратты аралап көрді.
Шымкент 15 Желтоқсан 2020 в 11:50 Мүмкіндігі шектеулі жандар жиһаз шығаруды қолға алмақ Кентау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар жиһаз шығаруды қолға алды. Олар алдағы уақытта жасаған жиһаздарын сатылымға шығарады. Бұл жұмыстар кенді шаһарда ашылған жиһаз цехында жүзеге аспақ.
Шымкент 15 Желтоқсан 2020 в 11:20 46 азамат мемлекеттік наградамен марапатталды Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті.
Шымкент 14 Желтоқсан 2020 в 11:35 Интеллектуалды бағдаршамдар орнатылды Шымкент қаласында биыл 9 жаңа бағдаршам орнатылды. Үш бағдаршам қайта жаңартылды. 220 метр жасанды жол кедергісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Шымкент 11 Желтоқсан 2020 в 18:00 «Іскер» арнайы сыйлығының лауреаты атанды Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн режимде өтті.
Шымкент 11 Желтоқсан 2020 в 15:20 Тарихи-мәдени мұралар бойынша кеңес отырысы өтті Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті.
Шымкент 11 Желтоқсан 2020 в 14:00 Қала спортшылары 11 айда 542 жүлде жеңіп алды Шымкент қаласының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов 11 айдағы нәтижелерді баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, Шымкент қаласының спортшылары 2020 жылдың 11 айында ҚР чемпионаттары мен біріншіліктерінде 542 медаль жеңіп алды: 202 алтын, 167 күміс, 173 қола жүлде.
Шымкент 11 Желтоқсан 2020 в 12:50 Сақтансаң сау боларсың Шымкент қаласында 1 065 921 тұрғынның 847 139-ы сақтандырылған. Бұл жалпы халықтың 80,1 проценті. Қазіргі таңда 217 117 азамат бойынша сақтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Шымкент 10 Желтоқсан 2020 в 17:50 «Ұлт үні» байқауының жеңімпаздары марапатталды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт үні» керуен-байқауы өз мәресіне жетті.
Шымкент 10 Желтоқсан 2020 в 17:00 Ауызсу жүйелерінің құрылысы аяқталды Шымкент қаласының Абай ауданы аумағындағы тұрғын алаптарда ауызсу жүйелерінің құрылысы, шағал тас төсеу жұмыстары аяқталды.
Шымкент 7 Желтоқсан 2020 в 17:50 Газды тасымалдау тарифі төмендетілді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тұтынушыларына тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне тариф бекіту туралы өтінімін қарады.
Шымкент 6 Желтоқсан 2020 в 12:30 400 мыңнан аса тұрғынға әлеуметтік төлем тағайындалды Шымкент қаласында төтенше жағдай кезеніңде табысынан айырылған азаматтарға «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» есебінен әлеуметтік төлем беру жұмысы жүзеге асырылды.
Шымкент 6 Желтоқсан 2020 в 10:30 30,7 млрд теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндірілген Шымкент қаласында бүгінде агроөнімдерді қайта өңдеуге басымдық беріліп отыр. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 7,6 млрд теңге болатын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Шымкент 4 Желтоқсан 2020 в 17:40 10 мыңнан аса адам тұрақты жұмыспен қамтылған Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту Жол картасы» аясындағы 237 жобада 8 542 жұмыс орны ашылып, оның 52 проценті немесе 4 440 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасқан.
Шымкент 4 Желтоқсан 2020 в 17:20 Инвестициялық өсім бойынша 2-орында Шымкент қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 90 жобаға 1,0 млрд теңге бөлінген. Осы бағдардама шеңберінде «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша 88,5 млрд теңгеге 90 кәсіпорыннан ұсыныстар түсіп, оның 54 өндіріс орны 35,6 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған.
Шымкент 4 Желтоқсан 2020 в 16:40 Бөлінетін қаржы екі есеге ұлғайды Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды.
Шымкент 4 Желтоқсан 2020 в 15:45 Өнеркәсіп өнімінің көлемі өсіп, кәсіпкерлердің үлесі артқан Шымкент қаласында 2 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 319 млрд теңге болса, бүгінгі күні 523 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы ОКҚ алаңында өткен баспасөз брифингінде баяндады.
Шымкент 2 Желтоқсан 2020 в 17:45 Жұмыссыздық мәселесі шешілуде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды онлайн режимде қабылдап, жеке мәселелеріне жауап берді.
Шымкент 1 Желтоқсан 2020 в 11:00 Жаңа мектеп ашылды ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 балаға арналған.
Шымкент 30 Қараша 2020 в 17:50 Жаңа көпір пайдалануға берілді Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Бадам өзенінің үстінен өтетін көпір ел игілігіне берілді.
Шымкент 30 Қараша 2020 в 17:15 Жаңа автобустар қызмет көрсетеді Шымкент қаласына тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту мақсатында жаңадан 590 автобус әкелінді. Жолаушыларды тасымалдауда барлық жағдай қарастырылған автобустар жоғары сапа стандартына сәйкестендірілген.
Шымкент 23 Қараша 2020 в 14:25 Сингапур университетінің филиалын ашу мәселесі талқыланды Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Республикасының Сингапур, Аустралия одағы және Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аркен Арыстановпен онлайн форматта кездесу өткізді.
Шымкент 23 Қараша 2020 в 12:00 Мәдени шаралар өтті Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды.
Шымкент 23 Қараша 2020 в 11:00 Мәдени астана жылы салтанатты түрде жабылды «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді.
Шымкент 21 Қараша 2020 в 13:13 Ардагерді мерейтоймен құттықтады Шымкент қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Халел Атантаев ақсақал 100 жасқа толды. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қазыналы қарияның шаңырағында болып, мәртебелі мерейтойымен құттықтады.
Шымкент 19 Қараша 2020 в 17:00 Германиялық инвестормен кездесті Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германияның «DiaFlux» компаниясының басшысы Теодор Морельмен онлайн форматта кездесті.
Шымкент 19 Қараша 2020 в 16:00 Арендалық 1596 пәтер берілді Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов 10 айда атқарылған жұмыстарының есебін баяндады. Жалпы 2020 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша басқарманың бюджеті 2 790 641,3 мың теңгеге жетіп, қаржы толық игерілді.
Шымкент 19 Қараша 2020 в 13:15 «IQALA» жобасы жасалып жатыр Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы жобалардың бірі – «Iqala» жобасы. Цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдіраханов даму жоспарларына сәйкес, қала әкіміне аталған жобаны ұсынды.
Шымкент 19 Қараша 2020 в 11:15 Тұрғындардың сұрағына жауап берді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында тікелей эфирде өтетін кезекті «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Шымкент 19 Қараша 2020 в 10:45 Эпидемиологиялық жағдай тұрақты Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» телеарнасында өткен «Әкім сағаты» бағдарламасында баяндады.
Шымкент 16 Қараша 2020 в 12:00 210 адамды жұмыспен қамтып отыр