Түркістан облысы 25 Ақпан в 14:00 Үстел теннисінен ашық біріншілік басталды Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістандағы №3-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебіде үстел теннисінен ашық біріншілік басталды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. Сайысты ашқан Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшыларға сәттілік тіледі.
Түркістан облысы 25 Ақпан в 11:30 Саттарханов атындағы спорт кешені салынады Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды.Қала орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.
Түркістан облысы 24 Ақпан в 12:30 Жайылым жердің көлемі 742 мың гектарға артады Түркістан облысында халық пайдаланатын жайылым жердің көлемі 742 мың гектарға немесе 21% артады. Облыс аумағындағы жайылым жерлерді қайтарудың 5 бағыттық қадамдық алгоритм жобасы әзірленді. Облыс әкімінің тапсырмасымен дайындалған алгоритм бойынша жайылым тапшылығы орын алған 152 елді мекендер маңындағы халықтың мұқтажына алынатын учаскелер анықталып, басымдылық берілді. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте айтылды.
Түркістан облысы 22 Ақпан в 15:00 Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтуде Осы жылдың 11-23 ақпан аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығымен Түркістан қаласында әлеуетті гид-экскурсоводтарға жиын ұйымдастырып отыр.
Түркістан облысы 9 Ақпан в 10:15 «ТҮРКІСТАН – АРЕНА» UEFA талаптарына сай сертификациядан өтті Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасы «Түркістан-арена» стадионын UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізді. Әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген. Арнайы мамандардың қатаң бақылауында.
Түркістан облысы 8 Ақпан в 18:00 15 ақпаннан бастап «QAZCOVID-IN» екпесі салынатын болады Түркістан облысында 15 ақпаннан бастап Қарағанды фармацевтикалық кешені негізінде шығарылған «QazCovid-In» екпесі кезең-кезеңмен егілетін болады. Вакцинациялау науқанының келесі кезеңінде отандық екпені қолдану жоспарлануда. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен өтіп жатыр.
Түркістан облысы 8 Ақпан в 15:05 Түркістан облысында онкологиялық аурулар азайды Бүгінде Түркістан облысы онкоглогиялық аурулар бойынша республикада соңғы 17-орында тұр. Кешенді жоспардың арқасында қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша да республикада 16-орында. Бұл облыстағы онкологтар қауымының ең үлкен жетістігі.
Түркістан облысы 8 Ақпан в 12:00 Түркістан облысында кепілдіксіз несие алудың жолын көрсетті Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнес иелеріне қолбайлау болуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің шағын бизнес иелері мен жас кәсіпкерлермен танысып, көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады. Ортаға салынған мәселелердің басым бөлігі қолжетімді несиелерді алу аясында болды. Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын несиелердің көлемін ұлғайтып, халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерін 6 пайыздан асырмауды тапсырды.
Түркістан облысы 4 Ақпан в 10:15 Түркістан қаласында аса қауіпті инфекциялар тіркелген жоқ Өткен жылы Түркістан қаласының тұрғындары арасында аса қауіпті инфекциялар, атап айтқанда, тырысқақ, оба, құтыру, күйдіргі, сіреспе, қызамық, эпидемиялық паротит, «А» вирусты гепатиті және іріңді менингит аурулары тіркелмеген. Санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың жоспарлы жүргізілуіне байланысты, жекелеген аурулардың да төмендеуі байқалады. Бұл туралы Түркістан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2020 жылы атқарған жұмыстарының есебінді айтылды.
Түркістан облысы 1 Ақпан в 17:30 Кентауда 73 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді Түркістан облысы, Кентау қаласында 72,9 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,3%-ға артты. Басым бөлігін өсімдік және мал шаруашылығы құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 12 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Сонымен қатар, 2021 жылы «Түркістан Агро XXI» ЖШС 1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлауда. Бүгінгі таңда Итальяндық «Rota Guido» компаниясының технологиясын енгізуге келісім жасалған.
Түркістан облысы 1 Ақпан в 15:30 Мақтаарал ауданында 100 мың тоннаға жуық мақта жиналды Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 48 млрд теңгеге жетті. Басым бөлігі өсімдік және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі. Ауданның негізгі күн көрісі – егін шаруашылығы. Өткен жылы диқандар 60 мың гектардан астам жерге егістік ексе, оның 40 мың гектарға жуығы мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 100 мың тоннадай ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 25 центнер болды.
Түркістан облысы 1 Ақпан в 14:35 Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, бас санитарлық дәрігер Нұрбек Нышанов алғашқы болып ресейлік Sputnik V вакцинасын салдырды. Алдымен олар дәрігерлерге қаралды. Вакцинация Түркістан қаласындағы орталық емханада өтті. Вакцина алғаннан кейін 30 минут бойы дәрігерлер бақылауында болды. Түркістан облысында бүгін 250 адамға вакцина салу жоспарланған.
Түркістан облысы 1 Ақпан в 14:00 Түркістанда шығыс стиліндегі тұрғын үйлер салынуда Түркістан қаласында «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Тұрғын үй кешені шығыс стилінде салынады. Қазіргі уақытта «Түркістан» ӘКК» АҚ бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын іске асыруда. Шығыс стиліндегі тұрғын үй кешені Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан салынатын болады.
Түркістан облысы 1 Ақпан в 10:50 Түркістан облысында оқу-жаттығулар өтті Түркістан облысында қысқы-көктемгі кезеңдердегі су тасқынына дайындық мақсатында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша оқу жаттығу өткізілді. Жаттығу барысында техникалардың, су сору құрылғылардың (мотопомпа) және жеке құрамның дайындығы, шартты су басу салдарын жою жұмыстары ұйымдастырылып, іс жүзінде көрсетілді.
Түркістан облысы 27 Қаңтар в 16:15 Түркістан облысының үздік полицейлері марапатталды Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – майоры Қайрат Дәлбеков үздік полиция қызметкерлерін марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.
Түркістан облысы 26 Қаңтар 2021 в 17:45 "Көне мен келешек көпірі" фестивалі жалғасып жатыр «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты облыстық фестивалі Арыс қаласында жалғасын тапты. Саз және өнер мектептері арасында өткізіліп жатқан өнер додасының аудан, қалалық іріктеу кезеңі жас өнерпаздардың шабытын шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. Ән мен жыр кешінде арыстық талантты өрендер өз өнерлерін көрерменге паш етті.
Түркістан облысы 26 Қаңтар 2021 в 11:50 Әдеп кодексінің орындалуы – қатаң қадағалауда Түркістан облысында барлық мемлекеттік қызметкерлерге Әдеп кодексінің маңызды міндеттері түсіндірілді. Түркістан облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев 2021 жылғы жұмыс жоспарларымен таныстырып өтті. Бекітілген жоспарға сәйкес аудан-қалалардағы мемлекеттік органдарда профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Түркістан облысы 22 Қаңтар 2021 в 10:10 Диқандар жылына үш рет өнім алуда Түркістан облысы, Келес ауданының диқандары 1 мың гектардан астам алқапта озық технологияны қолдана отырып жылына 2-3 рет өнім алуды жүзеге асыруда. Бүгінде 200-ден астам жоба өз жұмысын бастаған. Бір айналымнан 30 мың тоннаға жуық өнім өндірілсе, екінші рет одан да артпақ. 30 мың тоннадан астам бақша және көкөніс өнімдері өндіріліп, диқандардың табыстары еселенді.
Түркістан облысы 21 Қаңтар 2021 в 15:25 Құны 1 млрд теңгенің жобалары іске қосылады Түркістан облысы, Келес ауданында «Индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы құны 1 млрд теңге болатын 3 жоба 2020-2021 жылдары іске қосылуы жоспарланған еді. Ауқымды екі жоба жүзеге асты. Ал, биыл темір бетон бұйымдарын өндіретін зауытты іске қосу жоспарланған. Жүзеге асқан екі жоба шеңберінде жалпы 100 адам жұмыс орнымен қамтылды.
Түркістан облысы 21 Қаңтар 2021 в 11:20 Жеті жаңа медициналық нысан салынуда Түркістан облысында 78,5 млрд теңгеге 7 жаңа нысан салынып жатыр. Өңірдегі 8 емдеу нысандары күрделі жөндеуден өтуде. Оның 6-ы пайдалануға берілді. Бұл жайлы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында айтылды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың қатысуымен өткен алқа отырысында Қоғамдық денсаулық басқармасы 2020 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, перспективалары талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Басқарманың қызметіне оң баға беріп, бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
Түркістан облысы 19 Қаңтар 2021 в 10:05 Жаңа жобалар қаржыландырылады Алматыда «Almaty business – 2025» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету шаралары туралы брифинг өтті. Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында «Almaty Finance» несиелік ұйымы құрылған болатын.
Түркістан облысы 19 Қаңтар 2021 в 09:30 Рейдтік жұмыстар жүргізілуде Түркістан облысында мал ұрлығының алдын алу бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ауыл тұрғындарының малдарын сырғалау және таңбалау жұмыстары атқарылуда. Осы мақсатта полиция, әкімшілік пен мал иелері тарапынан «Үш жақты келісімшарт» жасалады. Осылайша облыстық полиция департаменті мал иелерінің жауапкершілікті сезінуін көздейді.
Түркістан облысы 18 Қаңтар 2021 в 17:00 Жаңа жобалар жүзеге асуда Түркістан облысы,Төлеби ауданында ғимараттардың қасбетіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Өткен жылдан өтпелі бірқатар ауқымды жобалар жалғасын табуда. Ленгір қаласын абаттандыру жұмыстарына 233 млн теңге қаржы қаралған.
Түркістан облысы 18 Қаңтар 2021 в 14:30 Карантин күшейтілді Соңғы бірнеше тәулік ішінде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы аумағында пневмонияның вирусты түрі мен COVID-19 белгілері бар азаматтардың саны артқан. Осыған байланысты аудан әкімі Б.Асановтың тапсырмасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысы негізінде аудан көлемінде 14-28 қаңтар аралығында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін қатаңдатылған карантин және шектеу шаралары енгізілді.
Түркістан облысы 18 Қаңтар 2021 в 10:15 Ресейге көкөніс экспорттап жатыр Түркістан облысы, Сайрам ауданында 2019 жылы іске қосылған «Ecoinvest S A» ЖШС жылыжай кешені 11 гектар жерден жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіруде. Жылыжайда қысқы маусымда - 150, жазда - 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.
Түркістан облысы 15 Қаңтар 2021 в 17:45 1500 шақырымнан астам жол жөнделді Түркістан облысында 2020 жылдың қорытындысымен 828 нысан, оның ішінде 1525,4 шақырым жол мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жылдық жоспар бойынша қалған 40 нысан, 449,4 шақырым жол келесі жылдарға өтпелі. Ал 2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 155 нысан қамтылып, 608,7 шақырым жол мен елді мекен көшелері жөнделетін болады.
Түркістан облысы 15 Қаңтар 2021 в 15:45 Құрылыс көлемі артты Түркістан облысы, Шардара қаласында жалпы 1394 пәтерді құрайтын 74 көпқабатты тұрғын үй бар. Аталған үйлерде 5600-ге жуық тұрғын тұрады. Бұл қала халқының 16 пайызына тең. Тұрғын үй қорын жаңғыртуға сәйкес, 2017 жылы Шардара қаласында 8, ал 2019 жылы 6 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Түркістан облысы 15 Қаңтар 2021 в 14:45 Мемлекеттік қызметшілер арасында біріншілік басталды Түркістанда волейболдан Түркістан облысының қысқы біріншілігі басталды. Алаңда кәсіби спортшылар емес, мемлекеттік қызметкерлер. Бас жүлде үшін 46 команда бақ сынаспақ. Екі ай бойы өтетін қысқы біріншілікке командалар төрт топқа біріккен. Оның 16-сы аудан намысын қорғауда. Тартысты жарыстың жүлдегерлері 25 қаңтар күні анықталады. Сайыс «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ!» атты ұранмен өтуде. Жарыстың ашылуына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Түркістан облысы 15 Қаңтар 2021 в 12:35 4 мыңнан астам жас сарбаз әскерге аттанды 2020 жылдың желтоқсан айының соңында Түркістан облысының жергілікті әскери басқару органдарында әскерге шақыру науқаны аяқталды. Науқан барысында Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға аймақтан 4 мыңнан астам адам жіберілді. Осыған байланысты қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев жыл қорытындысын шығарды.
Түркістан облысы 14 Қаңтар 2021 в 14:55 Ауыл шаруашылығы саласында өсім бар Түркістан облысы, Шардара ауданында өткен жылы 33 млрд 881,3 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. Ауыл шаруашылығы саласына 1 млрд 944,6 млн.теңгенің инвестициясы тартылып, өткен жылмен салыстырғанда аталған салаға тартылған инвестиция көлемі 176,7%-ға артқан.
Түркістан облысы 14 Қаңтар 2021 в 10:10 Оқушылар оқу жабдықтарымен толық қамтылған Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқытылуда. Ал, 1-4, 5, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш ауысымда оқытылатын мектеп жоқ.
Түркістан облысы 13 Қаңтар 2021 в 17:00 Полиция жетім балаларды қамқорлыққа алды Түркістан облысы, Жетісай ауданы полицейлерінің бастамасымен аудандағы сот, прокуратура, кірістер басқармасы мен білім бөлімінің қызметкерлері және дін саласының өкілдерімен бірге дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жетісай АПБ бастығының орынбасары Сәкен Жайлыбаев көпбалалы отбасыларды қамқорлыққа алу туралы шешімді сақшылар бірауыздан қабылдағанын жеткізді.
Түркістан облысы 13 Қаңтар 2021 в 16:00 Бизнес жүргізуден көш бастап тұр Жыл сайын дүниежүзі мемлекеттерінің бизнеске қолайлығы бойынша “The World Bank Doing Business” рейтингі жасалады. Онда Қазақстан 190 мемлекеттің арасында 25-орында тұр. Кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы еліміздің облыстары мен мегаполистары арасында суб-рейтинг жүргізіліп, Түркістан облысы бизнес жүргізу үшін ең үздік өңір болып танылды.
Түркістан облысы 13 Қаңтар 2021 в 15:05 Тұрғын үй құрылысы 2,5 есе артқан Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқан. Әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 89 тұрғын үй бюджет есебінен құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта алты мыңдай отбасы қоныс тойын тойлайды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың баяндамасы тыңдалды.
Түркістан облысы 13 Қаңтар 2021 в 10:00 «Түркістан: көне мен келешек көпірі» жаңа фестивалі басталды Түркістан қаласында «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты жаңа облыстық өнер фестивалінің қалалық кезеңі бастау алды. Аудан, қалалық іріктеу кезеңі жас өнерпаздардың шабытын шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. «Ақжайық» музыка мектебінде өткен кеште түркістандық талантты өрендер өнерлерін көрерменге жаудырды.
Түркістан облысы 12 Қаңтар 2021 в 17:00 «Ұлттық мектеп лигасы» бастау алды Түркістанда «Ұлттық мектеп лига» спорт жарыстарының ашылу рәсімі өтті. Пандемия салдарынан орын алған үзілістен кейін командалық спорт сайысы Түркістан қаласында бастау алды. Төрт команда бақ сынайтын іріктеу тур төрт күнге жалғасады. Сайыс кезінде барлық карантин талаптары қатаң сақталады. Қатысушылардың дене қызуы тексеріліп, арақашықтық сақталған. Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған қалалық іріктеу ойындарын тамашалауға келген Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев оқушыларға сәттілік тіледі.
Түркістан облысы 12 Қаңтар 2021 в 12:15 Күніне мың қолғап тігеді Арыс қаласының тұрғыны Жадыра Дүйсехан күніне 1000 жұп қолғап тігеді. Мамандығы – инженер-конструктор.
Түркістан облысы 12 Қаңтар 2021 в 11:15 140 отбасы баспаналы болды Түркістан облысы,Түлкібас ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 140 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерлер көпбалалы және аз қамтамасыз етілген жанұяларға берілді. Атап айтқанда, 83 пәтер көпбалалы отбасыға, 45 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, 12 пәтер мемлекеттiк қызметшi мен бюджеттiк ұйым қызметкерлерiне берілген.
Түркістан облысы 11 Қаңтар 2021 в 12:15 Мемлекеттік қайтарымсыз грант алғандар көбейді Түркістан облысы, Түлкібас ауданында 2020 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 616 азамат қол жеткізген. Оның ішінде, 98-і үй іргелік жерлерінен мол өнім алу мақсатында өз қаржыларын тамшылатып суару құрылғысын орнатуға жұмсаған. Қалған азаматтар жеке кәсіптерін ашқан.
Түркістан облысы 8 Қаңтар 2021 в 18:05 Бірегей жүйе іске қосылды «Халықты жұмыспен қамту орталығының» жұмысын бақылайтын бірегей жүйе елімізде алғаш рет Түркістанда іске қосылды. Өңір басшысы Өмірзақ Естайұлының тапсырмасымен Түркістан қаласында орналасқан «Халықты жұмыспен қамту орталығы» қызметкерлерінің алдына бейнекамералар орнатылған. Аталған жүйе жұмысымен таныстыру мақсатында бүгін БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды.
Түркістан облысы 8 Қаңтар 2021 в 15:05 Кентауда түйе шаруашылығы қолға алынуда Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің негізгі ресурсы ретінде ауыл шаруашылығын атап, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын, ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтып өткен болатын. Осы орайда қала мен ауылды дамытудың берік негізі ретінде шағын және орта бизнес екені айқындалды. Бұл ретте, Қазақстанда ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы түйе шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді.
Түркістан облысы 8 Қаңтар 2021 в 11:45 Үздік медицина қызметкерлері марапатталды Түркістан облысында «COVID-19» індетімен күрес кезінде ерекше көзге түскен медицина саласының қызметкерлері марапатталды. Аймақтың бас дәрігері Марат Пашимов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына сүбелі үлес қосқан ақ халаттыларға алғыс білдіріп, қуаныштарымен құттықтады.
Түркістан облысы 6 Қаңтар 2021 в 17:00 Түркістан толық газдандырылды 2019-2020 жылдар аралығында газбен қамтамасыз ету жұмыстарының қарқынды жүргізілуінен, Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары 100%-ға аяқталды. Осылайша қала тұрғындары толығымен газға қосылуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ жылыту маусымынан бастап, Түркістан қаласындағы орталық қазандық табиғи газбен жылытыла бастады. Ауқымды жұмыс нәтижесінде қаланың экологиялық жағдайы жақсарып, ауаның ластауы 65 % -ға төмендеген. Шаһардың газдандырылуына қатысты өткен шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Түркістан облысы 6 Қаңтар 2021 в 15:20 Ауыл тұрғыны кондитер цехын ашқан Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округінде Шүкіржан Тәжметов есімді ауыл тұрғыны шағын цех ашып іске қосқан. Онда әзірге 4 түрлі кондитерлік өнім шығарылады. Цех тәулігіне 600 бумаға дейін тәтті тоқаштар даярлайды. Тапсырысқа қарай өнім саны артып отырады.
Түркістан облысы 6 Қаңтар 2021 в 12:10 Арыстық тұрғын шағын цех ашқан Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғыны Жанна Мақсұтқызы көлік орындықтарына арналған жабу тігіп, өз ісін өркендетіп отыр. Жас кәсіпкер 2019 жылы Мемлекеттік бағдарлама аясында 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие болған. Қолда бар қаражатқа «JAAC» тігін машинасын сатып алған.
Түркістан облысы 6 Қаңтар 2021 в 11:15 205 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті Кентау қаласы бойынша 368 көпқабатты тұрғын үй (қалада – 334, ауылдарда – 34) бар.
Түркістан облысы 6 Қаңтар 2021 в 09:45 Апатты мектептер жойылуда Түркістан облысында апатты мектептердің орнына жаңа білім ұялары бой көтеруде. Өңірдегі апатты деп танылған 7 және үш ауысымды 5 мектептің мәселесі шешілді. Ол үшін облыстың 2020-2025 жылдарға арналған білім саласына қатысты нысаналы индикаторына өзгеріс енгізіліп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен келісім алынды. Апатты және үш ауысымды мектептерді жою бойынша кешенді жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда. Жалпы Түркістан облысы бойынша 52 мектептің құрылысы жүруде.
Түркістан облысы 5 Қаңтар 2021 в 18:00 Бітіруші сыныптар дәстүрлі оқуға оралады Түркістан облысында III тоқсанда қашықтықтан оқыту жалғасады. Ал, 1-5 сынып оқушылары мен 9 бен 11-сынып оқушылары, яғни бітіруші сыныптар санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқитын болады. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен биылғы жылдың алғашқы лездемелік мәжілісінде қаралды.
Түркістан облысы 5 Қаңтар 2021 в 10:00 Жыл үздіктері марапатталды Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды.
Түркістан облысы 5 Қаңтар 2021 в 09:25 Ескерткіш тақта қойылды Түркістан облысында осыдан сегіз жыл бұрын 27 әскери қызметшінің өмірін қиған АН-72 әскери ұшағы апат болған орында, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметі барлық аумақтың бөлімшелерінде еске алу жиыны өтті. Іс-шараға дін өкілдері және «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ардагер – шекарашылары, сондай-ақ қайтыс болғандардың жақындары, туған-туыстары қатысты.