Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 19:00 "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы іске аспақ «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ 500-ге жуық әлеуметтік маңызы бар нысанды жаңғыртуға Дүниежүзілік банктен 100 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз қаражатын тартуға ниетті.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 18:00 Елордада туберкулезбен күрес айлығы өтіп жатыр "Елордада 2021 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында "Уақыт өтіп жатыр!" айлығы жүзеге асуда",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 17:00 Ақпан айында ЭЕБ-дағы бос орындар саны 5,3 мыңға өсті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – ЕРДО) деректері бойынша Электрондық еңбек биржасында (бұдан әрі – ЭЕБ) жұмыс берушілер тарапынан кадрларға қажеттіліктің өсуі байқалады. Осы жылдың қаңтар айында ЭЕБ-да 60,4 мың, ал ақпанда 65,7 мың бос жұмыс орны, яғни 9% - ға артық орналастырылған.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 16:00 Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды "Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 3 наурызда қол қойды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 15:00 Әлеуметтік жобаларға атсалысқан тұлғалар марапатталды "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Қайырымды істер» марафоны мен 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында елордалық меценаттарға алғыс хаттар табыстады",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 13:00 Нұр-Сұлтанда инженерлік желілер цифрландырылып жатыр "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында иесіз, қараусыз қалған желілердің мәселесі қалай шешіліп жатқанын түсіндіріп өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 12:00 Нұр-Сұлтанда туберкулезбен сырқаттану деңгейі бес есеге төмендеді "Нұр-Сұлтанда соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттану және одан болатын өлім-жітім деңгейі 100 мың тұрғынға есептелгендегі көрсеткіштен 5 есеге төмендеді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова онлайн брифингте мәлімдеді",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 11:00 Елордалық мектептерде онлайн-көрме ұйымдастырылды "Елорданың жалпы білім беретін мектептерінің бәрінде оқушылар арасында эстетикалық тәрбие беру міндеттерін жүзеге асыру мақсатында 8 наурыз қарсаңында «Анамның күлкісі» атты онлайн-көрме ұйымдастырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 5 Наурыз в 10:00 Елордада «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтіп жатыр "Осы жылдың 4-5 наурызында су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті "Көктем-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуде",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 19:00 Аспаздық өнерден шеберлік сабағы өткізілді "Елордадағы Сервис және туризм колледжі базасында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған аспаздық өнер бойынша мастер-класс ұйымдастырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 18:00 Қазақстан мен Қырғызстан Қорғаныс министрлері ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан Президентінің ресми сапары аясында келген қырғыз әріптесі генерал-майор Талайбек Өмірәлиевпен кездесті.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 17:00 Көктемгі әскерге шақыруға елордадан 800-ден астам азамат жіберіледі "Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Пандемия жағдайында халықпен тікелей байланысты төмендету үшін әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберу жоспарлануда",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 16:00 Елорда әкімдігінде наразылық білдірген аналардың талаптары тыңдалды Елорда әкімдігінде наразылық білдірген аналар тобы жиналып, бірқатар талабын айтты. Олардың ішінде: несиелерін қосымша өшіру, кезектен тыс пәтерлер беру, 1 млн теңге көлемінде ақшалай төлемдер беру және т.б.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 15:00 Елордада COVID-19 инфекциясы шамамен 34%-ға төмендеді "Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова ел астанасындағы эпидемиологиялық жағдай туралы түсіндіріп өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 13:00 Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру аясында 3 наурыз күні ZOOM платформасында онлайн форматта елордалық ЖОО түлектері мен елорданың жұмыссыз жастары үшін бос орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 12:00 Нұр-Сұлтанда Құзыреттілік орталығының жұмысы таныстырылды "30 игі іс" акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы "Жас маман" жобасы аясында Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі жанындағы құзыреттілік орталығының жұмысын таныстырды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 11:00 Елордалық оқушылар халықаралық байқауда жақсы нәтиже көрсетті "«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы 1-3 наурыз аралығында ZOOM платформасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсын өткізді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 4 Наурыз в 10:00 Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығын атап өтті "Елордадағы Есіл ауданының әкімдігінде АХАТ органдарының 100 жылдығын мерекелеу бойынша салтанатты іс-шара өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 17:30 Өрттің алдын алу жұмыстары жалғаса береді "Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы жыл басынан бері ел астанасында тілсіз жаумен күрес қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 16:30 Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істейді "Осыдан бір ай бұрын елорданың кейбір мекемелері, соның ішінде фитнес-орталықтар, моншалар, сауналар келушілердің статусын анықтау үшін QR-кодтарды пайдалану жөніндегі «Ashyq» пилоттық жобасының қатысушылары болды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 15:30 Педагогтарға, дәрігерлерге және тәртіп сақшыларына арнап қойылымдар қойды Елордалық театрлар Алғыс айту күніне орай білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және этносаралық келісім саласының қызметкерлері үшін қойылымдар қойды. Бір күн бұрын медицина қызметкерлері үшін Петр Чайковскийдің әйгілі «Евгений Онегин» операсы ұйымдастырылды. Қайырымдылық акциясын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мәдениет және спорт министрлігімен және «Астана Опера» театрымен бірлесіп ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 14:00 Елордалық мұғалімдер COVID-19-ға қарсы екпе қабылдады "Мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін 1 наурыздан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. КВИ-дан алғашқы екпені елордалық №27 және №50 мектептердің мұғалімдері алды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 12:30 Жобалық кеңсе құру талқыланды Қорғаныс министрлігінде «Қазақстан әскерін жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі жобалық кеңсе құру мәселелері талқыланды.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 11:00 «Дәрмек» операциясының бірінші кезеңі аяқталды Есірткі құралдардың, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында ІІМ республика аумағында «Дәрмек» кең ауқымды арнайы операциясын өткізді. Іс-шара өткізілген 5 күн ішінде өз қызметінде аталған заттарды қолданатын 700 жуық кәсіпорын мен ұйым тексерілді.
Нұр-Сұлтан 3 Наурыз в 10:00 Балалар тегін ем алды "Елордалық «Қамқорлық» оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту орнына айналды. Мұнда емдеу тегін жүргізіледі",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 2 Наурыз в 18:30 Қорғаныс министрлігінде маңызды кеңес өтті Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды.
Нұр-Сұлтан 2 Наурыз в 17:00 Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі енгізілді. Енді оларға айналымнан 3% мөлшерінде корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу жеткілікті. Бұл шара Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңбрінде енгізіледі және уақытша болып табылады – оның қолданылуы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.
Нұр-Сұлтан 2 Наурыз в 15:00 Елордада мұғалімдер мен полиция қызметкерлерін вакцинациялау басталды "Нұр-Сұлтанда 1 наурыздан бастап КВИ-ға қарсы екпені мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 2 Наурыз в 12:00 Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр.
Нұр-Сұлтан 2 Наурыз в 10:00 Оқушылар аралас форматта оқитын болды "Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №9 қаулысына сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақталуын ескере отырып, 2 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып, сондай-ақ халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілді",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 18:30 ҰҚШҰ: Қазақстан ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ниетті Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының дағдарысқа ден қою орталығында ҰҚШҰ Біріккен штабының баспасөз конференциясы өтті.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 17:30 Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды «Қазақстан Республикасының жастарды қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» іске асыру аясында «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мен Нұр-Сұлтан қаласының ұйымдары серіктестік туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 16:25 ҚР Премьер-Министрі «Роскосмос» басшысымен кездесу өткізді ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 16:00 Елордада Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті "Бүгін елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен қалалық әкімдік жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес Алғыс айту күніне орайластырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 15:00 «Алғыс марафоны»: мұқтаж жандарға азық-түлік таратты "Елорданың этномәдени бірлестіктері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алғыс марафоны» акциясы барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 13:00 БАҚ арасында шағын футбол чемпионаты өтті Қорғаныс ведомствосының Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы футзалдан БАҚ арасындағы VIII чемпионаттың (BAQ League) жеңімпазы атанды.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 12:00 Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 10:00 Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті "Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 16:30 Генерал Шәкір Жексенбаевты еске алды Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысына қатысушы, техникалық әскерлердің генерал-майоры Шәкір Жексенбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған отырыс өтті.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 14:00 Қазақстанның кеден әкімшілігі ДКҰ-ның жеңімпазы атанды "ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурияның өз қолымен жазған құттықтаулары мен кәдесый Қазақстанға жеткізілді",- деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 12:30 Әскери қызметшілер шетелдік бронды машиналарды сынақтан өткізуде Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8x8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 11:00 Сұйытылған газдың бағасын уақытша реттеу тоқтатылады "ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю станцияларында автокөліктерге құюға арналған сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды",- деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 10:00 Зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілуде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Еңбекмині) Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы ведомство басшысы Серік Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы қызметінің қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 19:00 Скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы ашылады Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 18:00 Түркі кеңесі елдері ынтымақтастықты дамытуды талқылады Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді жандандыруға ниетті.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 17:20 Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы қаулыға қол қойылды Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралар туралы Қаулыға қол қойылды.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 17:00 Кәсіптік оқытуларға қатысушылармен сұхбат басталды "Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға қатысушыларды анықтау мақсатында оқыту орталықтарының басшылары, жұмыс беруші және үміткер арасында үшжақты кездесу ұйымдастырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 15:30 «Татуласу мектебі: тең-теңімен» авторлық курсы өтті Елордада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және №72 мектеп-лицейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2020-2021 оқу жылында профессор А.Тесленконың «Татуласу мектебі: тең-теңімен» авторлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 14:00 Елорданы цифрландыру: 2020 жылы қылмыстар саны 30%-ға азайды Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 12:00 Халықаралық әуе рейстер саны артады Қазақстан Түркияға, Өзбекстанға, Қырғыз Республикасына және Украинаға әуе рейстер санын арттырады.