Павлодар облысы

Павлодар облысына екпенің екінші партиясы жеткізілді 22 Ақпан в 18:00 16

Павлодар облысындағы Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасына «Гам-КОВИД-Вак» (Спутник V) препаратының 1200 дозасы жеткізілді.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінен Павлодар облысына COVID-19-ға қарсы вакцинаның 80 мың дозасы бөлінді.

- Препараттың бірінші партиясы - 1200 доза - аймаққа 1 ақпанда жеткізілді, - деп нақтылады облыстық Денсаулық сақтау басқармасында. - 20 ақпан күні кешке облыс орталығына сол көлемде вакцинаның екінші партиясы әкелінді.

Қалалар мен аудандардың емханаларына тасымалданғанға дейін коронавирусқа қарсы препарат Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың қоймасында сақталады.

Медициналық мекеменің қоймасы көлемі 2,2 текше метр мұздатқыш камерамен жабдықталған.

Жақын арада мұнда сыйымдылығы 1,2 текше метрді құрайтын тағы үш тоңазытқыш орнатылады.

Қажет болған жағдайда медицина қызметкерлері 0,48 текше метр мұздатқыш жабдығы орнатылған облыстық қан орталығының қоймасын да пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, павлодарлықтар тікелей эфирде Сovid-19 вакцинасын алды. «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») препаратының алғашқы партиясы - 1200 доза аймаққа 31 қаңтарда жеткізілді.

Covid-19-ға қарсы екпені алғашқы болып жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел жәрдем, карантиндік стационарлар, реанимация, қабылдау бөлмелері мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің медицина қызметкерлері алды.

Екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен ЖОО-дағы оқытушылар қамтылады. Үшінші кезеңде күш құрылымдарының қызметкерлері вакцина ала бастайды.

Егу алдында азамат ерікті түрде келісім береді немесе профилактикалық егуді жүргізуден бас тартуға қол қояды.

Вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 456 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 112 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 104 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх