Нұр-Сұлтан

Қоян-қолтық ұрыстың кіл мықтылары анықталды 7 Сәуір в 18:35 25

Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт базасында қоян-қолтық ұрыстан, армиялық қоян-қолтық ұрыстан, сондай-ақ өзін-өзі қорғаудан Қазақстан чемпионаты өтті.

Аталмыш турнирді ҚР Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті –Орталық спорт клубының көмегімен Қазақстан Республикасының Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы ұйымдастырды.

Ел чемпионы атағына ие болу үшін бұл жекпе-жекте барлық өңірден келген 19 команданың ең мықты өкілдері сайысты. Жарысқа барлығы 211 спортшы қатысты. Оның 9 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 52 қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 96 үміткер және спорттың осы түрінен 54 бірінші дәрежелі спортшы.

– Бұл спорт түрлері бүгінде қарқынды дамып, бұқаралық сипат алды. Бұның танымалдығы, тек әскери қызметкерлер арасында ғана емес, қорғану мен тойтарыс беру әдістерін оқыту жүйесінің жан-жақтылығына байланысты. Спорт түрі ретінде әскердегі қоян-қолтық ұрыс түрлі жекпе-жек тәсілдерінің элементтерін біріктірген.

Командаларды іріктеу, қалыптастыру, спортшыларды даярлау сапасы да айтарлықтай өсті, - деп атап өтті Орталық спорт клубының бастығы Айталап Қорғамбаев.

Әскери қоян-қолтық ұрыстан жалпы командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамасы ең мықты команда деп танылды. Екінші орын «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спортшыларына бұйырды. Жүлделі үштікті «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының командалары тұйықтады.

- Бұл турнирдің тарихи маңызы бар. Әскердегі қоян-қолтық ұрыс пен «өзін-өзі қорғау» пәнінен жарыстар ел чемпионаты ауқымында алғаш рет өтуде. Әуесқойлық деңгейдегі жарыс емес. Азия, Еуропа және әлем чемпиондары мен жүлдегерлері белгілі болды. Спортшылар, төрешілер, жаттықтырушылар мен команда өкілдері Covid-19-ға ПТР-тестілерінің нәтижелері теріс болған кезде ғана жарысқа жіберіледі. Қоян-қолтық ұрыстан сондай-ақ, чемпионатта алғаш рет тоғыз чемпиондық белбеу ойналатынын атап өткім келеді, бұл елімізде осы спорт түрінің даму деңгейінің артқанын көрсетеді, - деп мәлімдеді Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының бас хатшысы, халықаралық санаттағы төреші, қоян-қолтық ұрыстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділ Қайырбаев.

Жарыс қорытындысына сәйкес, капитан Қазбек Сағын, кіші сержант Мереке Жүнісова, ефрейтор Аян Тұрсын, қызметкер Талшын Жұматаева ел құрамасының сапына еніп, ағымдағы жылдың маусым айында Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх