Қостанай облысы

Қостанайлық оқушылар ғылымды дамытуға мүдделі 8 Сәуір в 11:37 25

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту аясында Қазақстанда сәуір айы "Ғылым және технологиялар" айдарымен өтуде. Қостанай облысында жас ғалымдардың зерттеуге деген қызығушылығын мектеп қабырғасынан бастап дамытуға тырысады. Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бұған айқын дәлел.

- Қостанайда ғылым саласында жетекші орында А.Байтұрсынов ат. ҚӨУ болып табылады, онда молекулярлық-генетикалық, иммунобиологиялық, микробиологиялық зерттеулер, COVID-19 диагностикасы жүргізілетін ҒЗИ бар. НЗМ - ге келетін болсақ, мұнда біздің оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтары зор. Мектеп заманауи зертханалармен жабдықталған, онда оқушылар түрлі зерттеулер жүргізе алады, ал оқу бағдарламасы зерттеу қызметін дамытуға бағытталған, - дейді Қостанай қ.ФМБ НЗМ химия мұғалімі Наталья Науменко.

Оқушылардың жоғары жетістіктері бар. Өткен жылы "Қоршаған ортаны қорғау" секциясының желілік байқауында НЗМ оқушылары Дилара Үсембаева мен Сания Өмірзақова "Өсімдік қалдықтарынан биопластика өндірісі" жобасымен бірінші орынды иеленді. Кейіннен жас зерттеушілер "Балтық ғылыми-инженерлік байқауы" ғылыми жобалар конкурсына қатысып, мұғалімдер қазылар алқасының сыйлығына ие болды. Қыздар Байқоңырда өткен XXVI Халықаралық "Ғылым әлемін ашу" ғылыми жарысына қатысып, бірінші орынды жеңіп алды.

Қостанайлық оқушылардың мұндай жеңістері көп. Балалар үнемі қызықты нәрсе жасайды және өз табыстары мен өнертабыстарын әлемге паш етуде.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх