Қостанай облысы

Қостанай университетінде 12 ғылыми жоба жүзеге асып жатыр 13 Сәуір 2021 в 10:25 57

Күні кеше Қазақстанда ғылым қызметкерлері күні аталып өтті. Мереке алғаш рет 2012 жылы пайда болды. 12 сәуір кездейсоқ таңдалмаса керек. Бұл күні көрнекті қазақстандық академик, геолог ғалым және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтпаев дүниеге келді. Бүгінгі таңда ғылым өмірдің барлық салаларын дамытудың шешуші факторына айналуда. Қазіргі кезеңде біздің жас еліміз өзінің ғылыми әлеуетін қарқынды дамытуда.

Бүгінгі таңда білім беру саласындағы негізгі міндет-білім, ғылым және бизнесті біріктіру. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде.

Бұл, бірінші кезекте, ҚР БҒМ, ҚР АШМ қаржыландыратын ғылыми жобалар. А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де қазіргі уақытта білім беру, АӨК, цифрландырудың түрлі бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы - 253 млн теңгеге 12 ғылыми жоба жұмыс істейді.

- Осы жобалар шеңберінде алдыңғы қатарлы отандық, шетелдік әзірлемелер мен технологияларды бейімдеу және енгізу бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Бұл ғылым мен өндірістің дамуын, оның әлемдік трендтерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

ҚӨУ оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері бұл процеске белсенді қатысады, бұл өңір экономикасын дамытып қана қоймай, мамандық бойынша кәсібилікті, құзыреттілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, - деп түйіндеді ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының м.а. Гүлшат Шайкамал. Университет ғалымдары мал шаруашылығы, ветеринария, генетика салаларындағы кәсіпорындардың сұранысы бойынша ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады. Заманауи жабдықталған зертханалар, ғылыми мектептер бар, кадрлар сабақтастығы сақталуда. Бұл ҚӨУ ғылымы мен жалпы аймақтың табысты дамуының негізгі принциптері.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх