Маңғыстау облысы

Қорғаныс министрлігі көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа көшкен 13 Сәуір 2021 в 10:20 59

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланды.

Еліміздің батыс өңірінде аяқталған «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін тексерудің екінші кезеңінің нәтижелері тыңдалды.

Аталған кезең барысында Құрлық әскерлерінің бөлімшелері арнайы әскери іс-қимылдарды жүргізуді пысықтады, Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік жүзгіштері суға десанттауды және корабльдерде диверсияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырды. Әскери-әуе күштері бөлімшелерге әуеден қолдау көрсетіп, әскери қызметшілерді оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау аудандарына жедел жеткізді.

Одан басқа, Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет әскери-көліктік және шабуылдау авиациясының ұшақтары Маңғыстау облысындағы автокөлік жолдарының әуеайлақтық учаскесіне қонды.

Жалпы тексеру арнайы операциялар күштері компоненттерінің арналымы бойынша жүктелген тапсырмаларды орындауға әзірлігін көрсетті. Қорғаныс министрі тексеру барысында үздіктердің қатарында болған әскери қызметшілерді көтермелеуді тапсырды.

Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының және әскерлер қолбасшыларының комиссиялары өткізетін қысқы оқу кезеңі үшін әскерлерді бақылау тексерісінің барысы қаралды. Қорғаныс ведомствосының басшысы жауынгерлік даярлықты одан әрі ұйымдастыруда бақылау тексерісінің нәтижелерін ескеруге, ал қажет болған жағдайда жазғы кезеңде әскерлерді оқыту процесін түзетуге нұсқау берді.

ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ бастығы әскери техниканы жазғы пайдалану режиміне көшіру бойынша іс-шаралар туралы мәліметтер ұсынды. Қорғаныс министрі оқу-жауынгерлік топтың техникасына қызмет көрсетілуіне баса назар аударды. Аталған техника жауынгерлік даярлық кезінде қарқынды түрде қолданылады және оның жазғы оқу кезеңіне уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету қажет.

Бас әскери-медициналық басқарма бастығының баяндамасы бойынша Қарулы Күштерде вакцинациялауға дайындық бойынша қажетті шаралар қабылданған. Әскери емханаларда егу бөлмелері жабдықталып, медициналық персонал оқып-үйретілген. Қорғаныс ведомство басшысы аталған науқанның маңыздылығын атап өтті. Әскерлер орналасқан аудандарда әскери-медициналық мекемелердің болмаған жағдайында жергілікті денсаулық сақтау органдарымен өзара іс-әрекетті ұйымдастыру нұсқауы берілді.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қоғамдық мониторинг нәтижесі туралы мәліметпен таныстырды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жыл сайынғы рейтингісіне сәйкес Қорғаныс министрлігі бес балдық жүйе бойынша орташа 4,87 баға алып, 24 орталық мемлекеттік орган арасында 2-ші орын алды. Бұл ретте министрліктің аталған бағыттағы жұмыс сапасына халықтың қанағаттануы 88,7%.

Қорғаныс ведомствосы халыққа 15 қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде әскери есепке алу және шығару, әскерге шақырудан босату және кейінге қалдыру, анықтамалар, әскери билеттер, жеке куәліктер және тағы да басқалары. Олардың барлығы цифрлі форматқа ауыстырылған. Қызметтерді «Электронды үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне отырып алуға болады.

Қорғаныс министрі, бұл көптеген құрылымдық бөлімшелер жұмысының нәтижесі екендігін атап өтті. Бұл ретте әскер тыныс-тіршілігінің барлық салаларында жүргізілетін жұмыстардың сапасын жақсартуға ұдайы ұмтылу керек.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх