Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда фонтандар іске қосылды 3 Мамыр в 16:30 45

Нұр-Сұлтанда мамыр айының басынан бастап фонтандар іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында 48 субұрқақтан тұратын 25 фонтан кешені орналасқан. Оның төртеуі — музыкалық («Нұржол» желекжолы, ЕХРО-2017, Ботаникалық бақ, «Жетісу» саябағы). Өткен жылы «Нұржол» желекжолындағы осындай фонтандардың бірінде репертуар жаңартылды. Енді ол жерде Батырхан Шүкеновтің, Димаш Құдайбергеннің әндері, Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» секілді өзге де әндер шырқалады.

«Есіл өзенінің жағасындағы саябақты 2020 жылы жөндеу барысында үш фонтанның апатты жағдайда (2005 жылы салынған) екені анықталды. Қазір тұрғындардың өтініші бойынша ескі фонтандардың орнына 4 жаңа күрделі инженерлік құрылыстар орнатылды. Онда бактерияларды, вирустарды және басқа да организмдерді ультракүлгін сәулелену арқылы өлтіретін заманауи су тазарту жүйесі бірге орнатылды. Орталық фонтанда 112 шамнан тұратын жарық-динамикалық жарығы бар, сонымен қатар 56 су ағыны 1,5 метр деңгейінде жоғары көтеріледі. Фонтанда биіктігі 1 метрге дейін жасанды тұман жасау функциясы бар, ол субұрқақтың тостағанына тікелей орнатылған 56 саптама арқылы жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде мұндай фонтан жасанды тұман жасау есебінен саябаққа келушілерге жағымды әсер қалдырады», — деп атап өтті Есіл ауданының баспасөз қызметі.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх