Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтанда 40 мыңнан астам оқушы орны құрылады 4 Мамыр в 14:55 33

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп санын арттыру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада мектеп санын арттыруды жалғастырамыз. Құрылыс жұмыстарына жеке қаражатты да тартамыз.

Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Олар Ұлы Дала даңғылы мен Тұран даңғылының қиылысында, сондай-ақ Е103 көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында орналасқан. Alpamys school мен Tamos Space school екі ауысымда 4 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Оқу орындарының құрылысы елорданың барлық аудандарында, соның ішінде елді мекендерде жүргізіліп жатыр. Биыл өткен жылдармен салыстырғанда көбірек мектеп саламыз. Үлкен көлемдегі 16 мектеп салынбақ. Олар биыл 40 мыңнан астам оқушы қабылдауға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 есе артық болса, 2019 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам ұлғаяды.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектептің құрылысын қолдадық.

Бұл шаралар үш ауысымда оқытатын, шамадан тыс жүктеме артылған мектептердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасалмақ», — деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Ссылка на видео: https://youtu.be/-g1bCzkyb8U 


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх