Нұр-Сұлтан

Көктемгі тазалық жұмысына 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 бірлік арнайы техника жұмылдырылды 13 Сәуір 2021 в 10:12 45

"Нұр-Сұлтанда көктемгі тазалық жұмысы дәстүрлі түрде жалғасуда. Ауқымды жұмыстарға 1900 коммуналдық қызметкер мен 650 арнайы техника жұмылдырылды. Қаланы санитарлық тазалау және абаттандыру күн сайын, сол сияқты түнгі ауысымда да жүргізіледі",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың коммуналдық қызметтері күн сайын жолдарды, тротуарларды, көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін, билбордтарды және т.б. жуады.

«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қалада санитарлық тазалау жұмыстары күшейтілді, сондай-ақ, мобильді топтар құрылыс учаскелерінде де аралау жұмыстарын жүргізуде. Себебі құрылыс нысандарында абаттандыру ережелерін бұзу фактілері бар. Бұл аумақта арнайы техника дөңгелектерін жуу пунктерінің ашылмағаны, алаңішілік өтпе жолдардың қатты төсемесі қойылмағаны секілді заңбұзушылықтар бар. Құрылыс жұмыстары ескертулер жойылғанға дейін тоқтатылды», — деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.

Сонымен қатар, ол қалада жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жақын арада көшелерді орташа және күрделі жөндеу басталатынын атап өтті. Қаланың ескі бөлігіне, жүріп өту мүмкіндігі жоғары тұрғын үй массивтеріне және т.б. тұстарға назар аударылатын болады.

Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов сапасыз жол жұмыстары қабылданбайтынын, өз жұмысын сапасыз орындайтын мердігерлердің ісі сотқа беріліп, «қара тізімге» енгізілетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і — тұрғын үй алаптарында.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх