Нұр-Сұлтан

Елордадағы Қаламгерлер аллеясында ақын-жазушылар ағаш отырғызды 2 Мамыр в 11:00 29

Экологиялық айлық аясында бір топ ақын-жазушы елордадағы Қаламгерлер аллеясына барып, көшет отырғызды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Зиялы қауым өкілдері қашанда қоғамдағы маңызды бастамаларға белсене атсалысып, тек қоғамдық-саяси, мәдениет салаларында ғана емес, Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту жолында да қызмет етіп келеді. Шарада әр қаламгер өз есімі жазылған тақтайша жанына көшет екті.

Шараға арнайы келген Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен экологиялық айлыққа қатысып, қаладағы жасыл желек санын көбейтуге үлес қосқан қаламгерлерге ризашылығын білдіріп, елорданың рухани өмірінде болып жатқан соңғы оң өзгерістерді тілге тиек етті.
Бұл үрдіс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх