Нұр-Сұлтан

Елордада Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов «жассарбаздықтармен» кездесу өткізді 13 Сәуір в 17:00 43

Осыдан 60 жыл бұрын адамзат баласы ғарыш кеңістігін бағындырды. Бұл 12 сәуір болатын. Осы уақыттан бері бұл күн - Ғарыш күні болып аталып келеді. Осыған орай, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ ұйытқы болуымен тұңғыш қазақстандық ғарышкердің аспан әлемін бағындырғанына 30 жыл толуына байланысты «Ғарышқа жол» атты іс-шара өтті. Жиын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Шара аясында «Ерлік сабағы: кітапқа жазылмаған тарих» атауымен «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілерінің патриоттық рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттыратын дәріс өткізілді.

Жиынға жер мен көктің арасын жалғап, ғажап әлемнің куәгерлері болған, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, ҚР авиациясының генерал-лейтенанты, «Халық қаһарманы» Талғат Мұсабаев, қазақ ғарышкері, ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің генерал-майоры Айдын Айымбетов қатысты.

«Жас Сарбаз» тәрбиеленушілері олардың мағыналы әңгімелерін ерекше ықыласпен тыңдап, ғарыш тарихымен, қызықты оқиғаларымен терең танысты. Кездесу барысында өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбат құруына мүмкіндік алды.

Іс-шарада сондай-ақ «Жас сарбаз» елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек ұжым атынан ғарышкерлерге алғыс білдіріп, оларға мықты денсаулық тіледі. Осыдан кейін салтанатты меймандарға естелік сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде «Жас Сарбаз» балалар студиясы «Бәрі өз қолыңда» әнін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды.

Айта кетерлігі, іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх