Нұр-Сұлтан

Елордада демалыс күндері 30-дан астам кәсіпкерлік нысанда карантин бұзылғаны анықталды 4 Мамыр в 17:15 22

Мамыр айының алғашқы мерекелік демалыс күндері елорданың кәсіпкерлік нысандарында карантиндік режимді бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша мониторингтік топтар 450 мекемені аралап, 200-ден астам рейд жүргізді. Бас-аяғы 30-дан астам нысанда шектеу шараларының бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«2021 жылғы 30 сәуір мен 3 мамыр аралығында мониторингтік топтар 200-ден астам рейд жүргізді. Онда 450-ден астам кәсіпкерлік объектіден 30-дан астам бұзушылық анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін полиция қызметкерлері рапорт жасап, материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді», - делінген қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Мониторингтік топ мүшелерінің ақпараты бойынша кәсіпкерлік субъектілері жұмыс режимін, әлеуметтік қашықтықты, бетперде режимін сақтамау, жұмыс істеуіне тыйым салынған объектілердің жұмысын тоқтатпауы, келушілердің рұқсат етілген санынан асып кету секілді түрлі бұзушылықтарға жол береді.
Мәселен, Есіл ауданында карантин режимін бұзғаны үшін «Incognita» караоке-залы, «Ray bar» гриль-бары, «Inforno» мейрамханасы және «Alanya» караоке-мейрамханасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы ауданында «Лото» клубы, Байқоңыр ауданында «Rickh» кафесі шектеу шараларын сақтамағаны белгілі болды.

Мұндай тәртіп бұзу Сарыарқа ауданындағы келесі нысандарда анықталды: «Гаухартас», «Базилик» мейрамханалары, «Угол 4/1», «Астана рок кафе» түнгі клубтары.
Айта кету керек, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша бір жарым айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Күн сайын қалада КВИ ауруының 600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Жағдайдың нашарлауына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды қатаң сақтауы, дәрігерлер мен эпидемиологтардың ұсыныстарын орындауы тиіс.

Қазіргі уақытта қауіпті вируспен күресудің жалғыз, тиімді әдісі ұжымдық иммунитетті дамыту болып саналады. Бұл халықты жаппай вакцинациялау жағдайында ғана мүмкін.

Қалада бұл үшін барлық жағдай жасалған: БМСК мекемелерінде және елорданың ірі СОО-ларында 100-ден астам егу пункті ашылды. Олар сағат 08:00-22:00 аралығында жұмыс істейді. Вакцинация тегін жүргізіледі.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх