Нұр-Сұлтан

Елордада бір жыл ішінде бағаны тұрақтандыру үшін 11 мәрте қарыз берілді 13 Сәуір в 17:07 49

"Astana" ӘКК-ға бағаларды тұрақтандыру мақсатында 2017 жылдан бастап 2020 жылға дейін үш жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беру үшін бюджеттен 4,45 млрд теңге бөлді. Бұл туралы онлайн брифингте "Astana" ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Ризагүл Мүслімова мәлімдеді",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, "Astana" ӘКК әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі мамандандырылған ұйым болып саналады.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін екі тетік бар: өнімді сатып алу және қоймаларда сақтау арқылы тұрақтандыру қорын қалыптастыру және белгіленген бағаларды тұрақтандыру үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беру. 2017-2020 жылдар кезеңінде ӘКК-ге бюджеттен 4 450 000 000 теңге бөлінді. 2020 жылы екінші тетік аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін барлығы 11 қарыз берілді», — деді Ризагүл Мүслімова.

Оның айтуынша, несие алуға және бағаны тұрақтандыруға қалада 22 филиалы бар "Магнум", "Мир круп" көтерме сауда компаниясы, "Туркуаз" дистрибьюторлық компаниясы, "Ақмол" дүкендер желісі, Картоп өсірушілер одағының "АА Агро" сияқты ірі сауда объектілері қатысты.

«Бүгінде берілген қарыздар шеңберінде тауарларды белгіленген бағамен сату "Магнум", "Астықжан", "Кеңмарт", "Вкусмарт" супермаркеттерінде, "Ақмол" СҮ, "Анвар", "Аян" СҮ, "Шапағат" базарында жүзеге асырылады.

Тауарларды өткізу бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия белгілеген бағалар бойынша қатаң түрде жүргізіледі. Қазір сүт, ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Аталмыш желілердің бәрі осы бағдарламаға қатысуға мүдделі және өзінің тиімділігін көрсетеді», — деп түсіндірді спикер.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх