Нұр-Сұлтан

Ел әскері басты назарда 4 Мамыр в 09:40 25

Парламент сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров елордадағы десанттық-шабуылдау бригадасына барып, Қазақстан Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігі мен техникалық жарақтандырылу мәселелеріне қатысты көшпелі жиналыс өткізді.

Аталмыш отырысқа Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев және қорғаныс ведомствосының қаржы, заң мәселелеріне, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен әскери-техникалық ынтымақтастығына жауапты лауазымды адамдар қатысты.
Парламент қабырғасында бекітілген заң жобалары, сондай-ақ әскерді қаржыландыру, оның техникалық жабдықталуы, пандемия кезінде қызмет ету ерекшеліктері талқыланды.

– Жұмыс бабымен кездесу барысында біз қажетті қару-жарақ және әскери техникамен уақтылы, әрі сапалы қамтамасыз ету, әскери қызметшілерді әлеуметтік және тұрғын үймен қамсыздандыру, біржолғы жәрдемақылар төлеуге байланысты мәселелерді қарастырдық. Бұл Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жұмысын жалғастыратын бағыттары, – деді Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Руслан Шпекбаев.

Парламент сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров әскери қызметшілердің тұрғылықты және тамақтану жағдайымен, сондай-ақ елордалық бригаданың қару-жарақ пен әскери техника үлгілерімен танысты.

– Ел әскерінің жауынгерлік дайындығын күшейтуге бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар. Біз қорғаныс-өнеркәсіп кешені ауқымында отандық өндірушіні қолдауға көп көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар шетелден қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілерін сатып аламыз. Менің ойымша, әскеріміз жоғары деңгейде қамтылған. Бұл қазіргі кезде орын алып жүрген қауіп-қатерлерге қарай мемлекетіміздің қауіпсіздігі үшін қажет, – деп түйіндеді Қайрат Қожамжаров.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх