Қарағанды облысы

Қазақстан чемпионатында үздік атанды 23 Ақпан в 14:00 27

Қарағанды облысының командасы жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионатының қорытындысы бойынша бірінші орынға ие болды. Екінші болып Шығыс Қазақстан облысының спортшылары атап өтілді, ал Қостанай облысының жеңіл атлеттері қола медальға ие болды.

Жарыс Өскеменде 19-21 ақпан аралығында өтті.

Додаға 235 спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша олимпиада маусымына қатысатын қазақстандық команданың құрамы бекітіледі.

Қарағандылық спортшы Давид Ефремов ерекше көзге түсті. Ол кедергілермен 60 метрге жүгіруде жоғары нәтиже көрсетті. Жиырма бір жасар спортшы қашықтықты 7,65 секундта жүгіріп өтіп, елдің рекордсмені атанды. Сонымен қатар, ол наурыз айында Нанкин қаласында (Қытай) өтетін әлем чемпионатының нормативін орындады. Давидті Николай Барсанов жаттықтырады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 458 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 101 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 100 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх