Нұр-Сұлтан

Қарулы Күштер жас сарбаздармен толығып жатыр 13 Сәуір 2021 в 17:15 46

Мерзімді әскери қызметке шақыру жалғасуда. Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында 6700-ден астам бозбала әскерге аттанады.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін әскерге шақырылушылар әскери бөлімге келгеннен кейін ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге орналастырылады. Ол уақытта медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіледі.

- Әскердегі қызмет – әрбір ер адамның ар-намысы мен ұстанымының ісі. Менің әкем және ағам әскерде қызмет еткен. Енді әскери парызымды орындап, Отан қорғаудағы менің кезегім келді, – дейді Алматыдан келген сарбаз Нұржан Әлімғазы.

Үш апта бойы жиын әкімшілігінің офицерлері мен сержанттары шақырылуышыларға әскери істің қыр-сырын үйретіп, «Әскери қызмет және әскери қызметшінің мәртебесі туралы» Заңның ережелері мен жалпыәскери жарғылармен таныстырады.

Жас толымдар оқу курсын аяқтағаннан кейін, әскери ант қабылдайды.

Көктемгі шақыру 2021 жылғы 28 маусымда аяқталады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх