Қарағанды облысы

Қарағандыда халықаралық конференция өтті 23 Ақпан в 17:00 22

Қарағандыда облыстық музыка мектебінің тұңғыш директоры Базылхан Жолымбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай "Қарағандының музыкалық мәдениеті -иөткені мен бүгіні" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті.

Оған ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) өкілдері, қазақ музыка академиясының профессорлары, ТМД елдерінің (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Татарстан) және алыс шетелдердің (АҚШ, Германия, Англия, Италия, Үндістан) жетекші педагогтары қатысты.

Онлайн-кездесу барысында музыкалық білім беруді дамытудың маңызды аспектілері талқыланды, Қарағанды облысы педагогтарының үздік дәстүрлері мен мұрасы жинақталды, сондай-ақ шығармашылық тәжірибемен алмасу өтті. Конференция жұмысының нәтижелері бойынша баяндамалар мен сөз сөйлеулердің электрондық жинағын шығару жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Базылхан Жолымбетовті Сарыарқаның музыкалық білімінің негізін қалаушы деп санайды. Ол Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Отызыншы жылдардың ортасында Алматыда жаңадан ашылған музыкалық техникумға оқуға түскен. Флейтада ойнау сыныбында оқыды. Ол Мәскеу консерваториясына түсуді армандаған, бірақ сұрапыл соғыс жас музыканттың жоспарларына балта шапқан. Базылхан Жолымбетлв Украинаға әскери оркестрге жіберілді.

Соғыстан кейін Қарағанды облыстық музыкалық драма театрында жұмыс істеді.

1948 жылы Қарағандыда Орталық Қазақстанда алғашқы Балалар музыка мектебі ашылды. Базылхан Жолымбетовті онда директор етіп тағайындады. Оның басшылығымен мектеп республикадағы ең үздіктердің біріне айналды.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 458 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 101 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 100 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх