Алматы

Алматының төрт шағынауданында интернет жылдамдығы жақсарады 13 Сәуір в 17:30 54

Алматының Алғабас, Нұршашқан, Таусамалы, Әлмерек секілді бірқатар шағын аудандарында интернет сапасы жақсарады.

Алматы қаласының төрт шағын ауданында интернет жылдамдығы 90 Мбит/сек жетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн - брифингінде Алматы қаласының Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты.

Еске салсақ, ақпан айында Алматыда Digital Almaty цифрлық форумы өтті, онда Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин бес жыл ішінде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен қамтылатынын айтқан еді.

Айта кетcек, Алматыда интернет сапасын жақсарту жобасының арқасында өткен жылы интернет байланыс болмаған 218 "көрінбейтін" аймақ жабылды.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, «Қазақтелеком» АҚ компаниясымен бірлесіп Алматы қаласының 4 шағын ауданында жылдамдығы 90 Мбит/сек болатын интернетке қосылу шешімі қаралды, олар мына шағын аудандар:
1. Алғабас (Алатау ауданы);
2. Әлмерек (Түрксіб ауданы);
3. Нұршашқан (Түрксіб ауданы);
4. Таусамалы (Наурызбай ауданы) 2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін бірінші кезеңде, сондай-ақ екінші кезеңде 2022 жылдың 2 тоқсанына дейін тағы 4 жаңа шағын аудан қосылатын болады.

Баян Қоңырбаев интернеттің мегаполис халқы үшін өте маңызды екенін айтты. Сондықтан интернет байланысын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх