Алматы

Алматы мен Шарджа қалалары арасында рейстер қайта ашылады 4 Мамыр в 16:15 25

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 23 сәуірдегі шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 мамырдан бастап Алматы мен Шарджа қалалары арасында аптасына 3 рет тұрақты рейспен ұшуға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, Алматы мен Шарджа қалалары арасындағы тұрақты рейстерді "Air Arabia" әуе компаниясы 2021 жылғы 21 мамырдан қайта бастайды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320/321 әуе кемелерімен аптасына 3 рет (3, 5 және 7-ші күндері) орындалады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх