Қостанай облысы

Академия курсанттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды талқылады 13 Сәуір 2021 в 11:00 57

Елордалық делегация мүшелері, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары Дмитрий Малахов пен ведомство төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева Ш.Қабылбаев ат. ҚР ІІМ Қостанай академиясының курсанттары үшін ашық дәріс өткізді.

Қостанай облысында бірнеше жылдан бері барлық орта және жоғары оқу орындарында "Саналы Ұрпақ" ерікті-патриоттық клубтары жұмыс істейді, онда студенттер өзін-өзі дамытумен және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелерімен айналысады.

Кездесу барысында спикерлер жастар өкілдерімен алдағы уақытта құқық қорғау және білім беру жүйелерінің алдында тұрған сын-тегеуріндерді талқылады және курсанттарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жергілікті департаменті өткізетін акциялар мен іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Елордалық қонақтар қазіргі кезеңде полиция қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерге ерекше назар аударды.

"Жергілікті полиция қызметін реформалауда басты рөл "полиция қадамдық қолжетімділікте" қағидасына беріледі. Президент Жолдауында маңызды міндеттер қойылған, оның ішінде бүгінгі таңда шешім қабылдауға және жауапкершілікті өз мойнына алуға қорықпайтын жас ұрпаққа басымдық беріліп отыр. Сіздерге, болашақ полицейлерге Отан игілігі үшін адал қызмет етуді тілеймін!"- деді жиналған курсанттарға Дмитрий Малахов.

Агенттік Төрағасының кеңесшісі Жылқышиева Жазира әрбір курсант заңды сақтау және парасатты өмір салтын жүргізу мәселелерінде өскелең жастарға үлгі болуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, елордалық қонақтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер және қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың ерекшеліктері туралы ақпаратты тыңдаушыларға жеткізді.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 427 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 119 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх