Ақтөбе облысы Вчера в 19:00 Ақтөбе облысында Алғыс айту күні аталып өтті Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Достық үйінде өткен «Қазақ еліне мың тағзым!» атты салтанатты шараға қатысты.
Нұр-Сұлтан Вчера в 18:30 Қорғаныс министрлігінде маңызды кеңес өтті Қорғаныс министрлігінде өткен аппарат кеңесінде Қарулы Күштерге қойылған міндеттерді жүзеге асырудың жолдары мен тәсілдері айқындалды.
Жамбыл облысы Вчера в 16:30 Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды Жамбыл облысында Алғыс айту күніне орай облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің белсенділері бас қосты, оған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты.
Түркістан облысы Вчера в 15:30 Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта басталды Көктем басталысымен оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша жұмыстары қайта жалғасты. Кәсіби және тәжірибелі саперлерден жасақталған құрама инженерлік-саперлік топ Арысқа келді. Әскерилер арнайы техника және құралдармен толық жарақталған. Далалық госпиталь ашылды.
Шығыс Қазақстан облысы Вчера в 14:00 ШҚО-да "30 игі іс" республикалық акциясы басталды Шығыс Қазақстан облысында Алғыс айту күнімен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілетін "30 игі іс" республикалық акциясы басталды.
Қарағанды облысы Вчера в 12:30 Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Қарағанды техникалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Жаңғыру жолы" өңірлік штабының филиалы ашылды. Оның қызметінің басталуы Алғыс айту күніне орайластырылды. Сондай-ақ, ЖОО-ның Достық үйімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Алматы Вчера в 10:30 Алматыда ҚХА Кеңесінің отырысы өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы 1 Наурыз в 19:00 Абай жылын мерекелеу аясында 71 жоба жүзеге асырылды Пандемия кезеңінің шектеулеріне байланысты жоспарланған 560 іс-шараның 198-і, оның ішінде 71 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов халық алдындағы дәстүрлі есеп беру барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 18:30 ҰҚШҰ: Қазақстан ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға ниетті Мәскеудегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының дағдарысқа ден қою орталығында ҰҚШҰ Біріккен штабының баспасөз конференциясы өтті.
Жамбыл облысы 1 Наурыз в 17:00 Таразда Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды Таразда данқты ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар бастау алды. 26 ақпан, жұма күні көрнекті ақынның туған күні қарсаңында облыс орталығындағы еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Алматы 1 Наурыз в 16:30 Алматыдағы И.Крылов атындағы балалар кітапханасы қайта ашылды Алматы қаласының әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында Әуезов көшесі, 175 мекенжайда орналасқан И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылғанын, мұнда заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйірмелерге арналған орындар пайда болғанын жазды.
Қарағанды облысы 1 Наурыз в 15:30 Нұра ауданындағы "Балбөбек" балабақшасында инклюзивті топ ашылды Қарағанды облысы, Нұра кентіндегі "Балбөбек" балабақшасында ерекше балаларға арналған топ ашылды. Мектепке дейінгі мекемеде барлығы 110 бала тәрбиеленуде.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 15:00 «Алғыс марафоны»: мұқтаж жандарға азық-түлік таратты "Елорданың этномәдени бірлестіктері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алғыс марафоны» акциясы барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 13:00 БАҚ арасында шағын футбол чемпионаты өтті Қорғаныс ведомствосының Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы футзалдан БАҚ арасындағы VIII чемпионаттың (BAQ League) жеңімпазы атанды.
Жамбыл облысы 1 Наурыз в 12:30 Таразда «Жомарт түлек-2021» кездесуі өтті Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт Түлек-2021» кездесуі өтті. Оған қонақ ретінде облыстағы мектептердің түлектері – қазіргі таңда өңіріміздің атын шығарып жүрген белгілі қоғам қайраткерлері, танымал әнші-сазгерлер, спортшылар, ғалымдар, кәсіпкерлер қатысты.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 12:00 Елордада қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтті Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Павлодар облысы 1 Наурыз в 11:30 Павлодарда бірегей спорт жәдігерлері жұртшылық назарына қойылды Облыс орталығында спорт музейі ашылды. Өңірлік спортинтернат директорының орынбасары Марал Ахметова айтқандай, қазіргі кезде музейде 500-ге тарта жәдігер жинастырылды.
Алматы 1 Наурыз в 11:00 Алматыда Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды Қарулы Күштердің XVIII спартакиадасы аясында әскери қызметшілер арасында Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында армиялық қоян-қолтық күресінен чемпионат өтті.
Нұр-Сұлтан 1 Наурыз в 10:00 Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті "Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шығыс Қазақстан облысы 27 Ақпан в 18:00 Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласына 2020 жылы 37 млрд теңге бөлінген COVID-19 пандемиясы халықтың денсаулығын сақтау міндетін алға тартты. ШҚО медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 16:30 Генерал Шәкір Жексенбаевты еске алды Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Ұлы Отан соғысына қатысушы, техникалық әскерлердің генерал-майоры Шәкір Жексенбаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған отырыс өтті.
Түркістан облысы 27 Ақпан в 15:00 Түркістандық спортшы дзюдодан Қазақстан чемпионы атанды Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Онда Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 14:00 Қазақстанның кеден әкімшілігі ДКҰ-ның жеңімпазы атанды "ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурияның өз қолымен жазған құттықтаулары мен кәдесый Қазақстанға жеткізілді",- деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 27 Ақпан в 12:30 Әскери қызметшілер шетелдік бронды машиналарды сынақтан өткізуде Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8x8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 19:00 Скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы ашылады Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram [ https://www.instagram.com/p/CLoMkpnpQnA/?igshid=1r0co6ea3mhco ] парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Павлодар облысы 26 Ақпан в 16:00 Көз емханасы ашылды Павлодарда Академик Бектұров көшесі, 103 мекенжайында көз емханасы ашылды, онда жақын арада көру қабілетін лазерлік түзету жасалатын болады. Офтальмологиялық орталық "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында кең ғимаратқа көшті.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 14:00 Елорданы цифрландыру: 2020 жылы қылмыстар саны 30%-ға азайды Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.
Нұр-Сұлтан 26 Ақпан в 09:30 Елордалық спортшылар ел чемпионатында екі алтын медаль алды "Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатын олжалы бастады. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының екі спортшысы 1-орын иегерлері атанды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Маңғыстау облысы 25 Ақпан в 17:30 Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті Ақтау гарнизонында корабльдерді орналастыру пунктінің су астындағы диверсияға қарсы қорғанысы мен қорғалмаған рейд мәселелері бойынша үш кезеңдік оқу-жаттығу өткізілді.
Қарағанды облысы 25 Ақпан в 16:00 Қарағанды облысында 700-ден астам оқушы олимпиадаға қатысады Қарағанды өңірінде аудандық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары қатысатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші, облыстық кезеңі өтеді.
Түркістан облысы 25 Ақпан в 14:00 Үстел теннисінен ашық біріншілік басталды Ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістандағы №3-ші облыстық олимпиадалық спорт мектебіде үстел теннисінен ашық біріншілік басталды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа спорт ардагерлері мен спортшылар қатысты. Сайысты ашқан Түркістан облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев спортшыларға сәттілік тіледі.
Түркістан облысы 25 Ақпан в 11:30 Саттарханов атындағы спорт кешені салынады Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды.Қала орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады. 320 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады. Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.
Шығыс Қазақстан облысы 25 Ақпан в 11:00 Қызметкерлер жаңа жұмысқа орналасады Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің 1969 қызметкерлерімен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады. Мәселені шешу үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Нұр-Сұлтан 25 Ақпан в 10:00 Елордалық оқушылар екі қойылым тамашалайды "Елордада мектеп оқушыларына арналған «Балалар мен театр» жобасы 2021 жылдың алғашқы күнінен бастау алған болатын. Бүгін жоба аясында оқушылар Музыкалық жас көрермен театрында М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «ҒАШЫҚ-ЖҮРЕК» музыкалық-поэтикалық қойылымын тамашалайды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қарағанды облысы 25 Ақпан в 09:30 Қарағанды машина жасау зауытына 80 жыл толды Қарағанды құю-машина жасау зауытының (ҚҚМЗ) тарихы 1941 жылдан басталады. ҚҚМЗ басшылары баспасөз конференциясында кәсіпорын 80 жыл ішінде қандай жетістіктерге қол жеткізгенін, бүгінде немен өмір сүріп жатқанын және болашаққа қандай өршіл жоспарлар құрып жатқанын айтып берді.
Алматы 24 Ақпан в 18:00 Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде кенеттен тексеріс жүргізілді Алматы гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ахуалына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өрістетуге, авиациялық топтардың әзірлігіне, әскерлер қызметіне, жауынгерлік даярлық пен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Нұр-Сұлтан 24 Ақпан в 09:30 Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді. Арық-науа желілерін, нөсер кәрізі жүйесін тазарту, сол сияқты нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қорғау бөгетін реконструкциялау секілді іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Қалада су тасқынының қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ТЖД, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК өкілдері, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелер және т.б. қатысты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 18:00 Қарулы Күштер төтенше жағдайға қатысу мәселелерін пысықтауда Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, келесі аптаға тапсырмалар қойылды.
Қарағанды облысы 23 Ақпан в 17:00 Қарағандыда халықаралық конференция өтті Қарағандыда облыстық музыка мектебінің тұңғыш директоры Базылхан Жолымбетовтің туғанына 100 жыл толуына орай "Қарағандының музыкалық мәдениеті -иөткені мен бүгіні" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы өтті.
Алматы 23 Ақпан в 16:30 Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды Бүгін КВИ-ға қарсы вакциналардың 1750 доза мөлшерінде екінші партиясы жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, вакциналардың алғашқы партиясы Алматы қаласының 15 емханалық мекемесіне, яғни әрбір ауданда шамамен 2 емханадан жеткізілген болатын. Спутник V екінші компонентімен вакцинациялау бірінші компонентті қойған сол емханалық мекемелерде жүргізілетін болады.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 14:30 Елордада басталған «Балалар мен театр» жобасы жыл соңына дейін жалғасады "Елордада биылдан бастап «Балалар мен театр» жобасы бастау алды. Жобаға Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театры атсалысады",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 11:30 Елордалық каратэ шеберлері ел кубогін жеңіп алды "18-20 ақпан аралығында Алматы облысы Қаскелең қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Елордалық каратэшілер 9 алтын, 7 күміс, 12 қола жүлдемен жалпы қорытынды есепте бірінші орынды жеңіп алды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 17:30 Әскери колледж кадеттерге қабылдау жариялайды Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжіне оқуға қабылдау басталды, онда еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына алынатын кәсіби сержанттар даярланады.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 16:30 «30 игі іс»: елордада қайырымдылық акциясы өтті «30 игі іс» аясында елордалық ҚХА мүшелері «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында қан тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Жамбыл облысы 22 Ақпан в 16:00 Жамбыл облысында 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы облыста 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 92 спорт алаңшасы пайдалануға берілгенін тілге тиек етті.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 15:30 Елордада дәстүрлі Жамбыл оқулары байқауы өтті «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Түркістан облысы 22 Ақпан в 15:00 Түркістанда гидтерге арналған семинар-тренинг өтуде Осы жылдың 11-23 ақпан аралығында Түркістан облысының туризм басқармасы «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығымен Түркістан қаласында әлеуетті гид-экскурсоводтарға жиын ұйымдастырып отыр.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 13:00 Елорданы абаттандыру жайлы айтылды "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас қаланы абаттандыру жұмысы қалай жүргізілетінін мәлім етті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жамбыл облысы 22 Ақпан в 12:30 Тараздағы дауылдың салдары жойылуда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараздағы жойқын желден бүлінген тұрғын үйлер мен нысандарды аралап шықты.
Ақтөбе облысы 22 Ақпан в 11:30 Ақтөбе облысында Қайырымды істер марафоны басталды 19 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы шаңғыроллер жолында «Қайырымды істер марафоны» акциясы ресми түрде бастау алды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, атақты спортшылар, жастар - Тәуелсіздік құрдастары қатысты.