Шығыс Қазақстан облысы

ЖРВИ, тұмау және КВИ-ді емдуге қажетті дәрілік препараттардың қоры жеткілікті 7 Сәуір в 18:42 25

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша облыста ЖРВИ мен тұмауды емдеу үшін вирусқа қарсы Ремантадин, Тамифлу, Анаферон, Осивир, Улкарил, Афлюдол препараттарының жеткілікті қоры бар. Қазіргі уақатта вирусқа қарсы препараттар 8324 пациентті емдеуге жетеді. Сондай-ақ, тұрақтандыру қорында 115 мың пациентті емдеу курсына жететін вирусқа қарсы препараттар қоры бар.

Шығыс Қазақстан облысында 2019 жылдың эпидемиялық маусымында ЖРВИ мен тұмаудың 12, 6 мың жағдайы тіркелді. 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,4 мыңды құрады. Осылайша, аталған ауруларды емдеуге арналған вирусқа қарсы препараттар ең пессимистік болжамдарды ескерсек 2021 және 2022 жылдардағы 2 эпидмаусымға жеткілікті көлемде.

Денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, короновирустық инфекцияны емдеудің клиникалық хаттамасы аясындағы дәрілік препараттар бойынша: облыста Надропарин, Клексан, Арикстра, Гепарин, Ривароксабан антикоагулянтты препараттары, вирусқа қарсы Ремдесивир препараты, соынмен қатар глюкокортикостероидты және вазопрессорлы препараттар бар.

Төсек орындар толық толған жағдайда антикоагулянттар қоры 24 күнге, глюкокортикостероидтар – 45 күнге жетеді. Реанимациялық бөлімшелерге түскен пациенттер үшін вазопрессорлық препараттар саны 23 күнге, инотропты препараттар – 40 күнге жеткілікті.

Мәліметтер бүгінгі күні медициналық ұйымдардағы қолда бар дәрі-дәрмек негізінде жасалып отыр. Бұған қоса әрбір медициналық ұйымда жыл соңына дейін препараттарды жеткізу кестесі бар.

Ауруханалардаға төсек орындардың бір мезетте толмайтынын ескерсек қолда бар дәрі-дәрмектер 30 күндік мерзімге жеткілікті. Денсаулық басқармасы қажеттілік туған жағдайда «СК-Фармация»-ның бірыңғай дистрибьютері арқылы жеткізу мерзіміне түзету енгізіп, қосымша препараттарды 10-14 күнде жеткізу қарастырылатынын атап өтті. Дәрілік заттарды сатып алу бойынша барлық шығындар жылдық қаржыландыру аясында медициналық ұйымдарға бөлінген.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх