Жамбыл облысы

Жамбыл облысында игерусіз жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда 25 Ақпан 2021 в 12:30 40

Өткен жылы Жамбыл облысында 2503 гектар игерілмеген егістік жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды. Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Бахтияр Көпбосынов баяндады.

Спикердің айтуынша өңірде барлық бағыттағы жерлерге болжамды космомониторинг яғни әуе арқылы бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 25 мың гектар егістік жерлердің игерусіз қалғаны анықталды. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген. Мәселен сол жылы облыс аудандарында 35,5 мың гектар егістік жерлер игерусіз қалған. Осыған байланысты қатаң шаралар қолдануға тура келген. Қол алған шұғыл шаралардан кейін игерілмеген егістіктің 2503 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал 7197 гектар егістікті пайдаланушыларға жер салығы он есеге дейін ұлғайтылыпты.

Жалпы Жамбыл облысының жер қоры 14 427,7 мың гектар. Бұл республика аумағының 5,3% деген сөз. Оның ішінде ең ауқымды алқап - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер. Бұл бағытта - 4705,3 мың, елді мекендердің жерлері – 464,8 мың, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлер – 174,7 мың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11,6 мың, орман қорының жерлері – 4429,0 мың, су қорының жерлері – 356,1 мың, босалқы жерлер - 1796,4 мың гектар.

Аймақта игерусіз қалған алқаптарды ауылшаруашылық айналымына қайта қосу қолға алынған. Мәселен 2019 жылы 199,1 мың гектар жер экономикалық айналымға қайта қолдануға берілді. Осы мақсатта 2020 жылы 18 конкурс өтсе, биыл 100 мың гектар айналымға қосылатын болады. Осы жылы облыста 19 конкурс өткізілмек. 117,2 мың гектар ауылшаруашылық жерлер қайта айналымға қосылады,- деді спикер.

Айта кету керек, аймақта былтыр бос қалған жерлерге байланысты 25 аукцион өткен. Оған 74 гектар жер шығарылып бюджетке 196,4 млн көлемінде кіріс келген.
Жалпы Жамбыл облысында инвестициялық-инновациялық жобаларға жер беріліп тұрады. Соңғы екі жылда жалпы көлемі 3774 гектар жер пайдалануға берілген.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх