Қызылорда облысы

Заңбұзушылық орын алғаны анықталды 22 Ақпан в 14:00 17

Тұтынушының өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ның әрекетінде, атап айтқанда реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынған кезде заңбұзушылық орын алғанын анықтады.

«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-ы жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатынын атап көрсету қажет.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі тариф, реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушылардың талабы бойынша ұсынуға міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы №58 бұйрығымен бегітілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарының 20-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, өнім беруші тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендеуі туралы жазбаша өтініш берген не ауызша өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеу жасауға міндетті.

Жылу энергиясының сапасының төмендеуіне байланысты, 2021 жылдың 5 қаңтарында тұтынушы «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нан жылу энергиясының сапасының бұзылуын жою жөнінде шаралар қабылдауды, сондай-ақ жылу энергиясының сапасы туралы және реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты беруді сұраған.

Субъект жоғарыда аталған Заңның талаптарын сақтамай, жылу энергиясының сапасының бұзылуын жою жөнінде уақытылы шаралар қабылдамаған және реттеліп көрсетілетін қызметтің сапасы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну шарттары туралы ақпаратты тұтынушыға ұсынбаған, соның нәтижесінде Департамент Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік өндірісін қозғады және табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы нұсқама енгізді.

Сонымен қатар, субъектіге Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі санкциясында көрсетілген 4,6 млн теңгенің елу пайызы 2,3 млн.теңге мөлшеріндегі айыппұлды 7 (жеті тәулік) ішінде төлеу құқығы түсіндірілді.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 455 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 97 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх