Шығыс Қазақстан облысы

Қызметкерлер жаңа жұмысқа орналасады 25 Ақпан 2021 в 11:00 49

Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің 1969 қызметкерлерімен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады. Мәселені шешу үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, жаппай жұмыстан шығару мәселесі автохолдинг басшылығы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арасында туындаған даудың нәтижесінде орын алған. 10 жыл бұрын кәсіпкер Анатолий Балушкин автокөлік шанағын дәнекерлеу, бояу, құрастыру бойынша зауыт салуға уәде берген болатын. Алайда, берілген мерзім ішінде зауыт іске қосылмаған.

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында ҚР Еңбек кодексіне сәйкес "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының бөлімшесі аумақтық жұмыспен қамту органдарына ағымдағы жылдың 10 наурызында босатылуы мүмкін екі мыңға жуық жұмыскердің тізімін ұсынды. Олардың ішінде 64 зейнеткер жасындағы шығысқазақстандық және 1905 еңбекке қабілетті жастағы облыс тұрғындары бар. Осыған байланысты ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің басшылығымен жедел штаб құрылды, оның құрамына қадағалау және құқық қорғау органдары, "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының басшылығы кірді. Өткен аптада штабтың үш отырысы өтті және бірлескен жұмыстың алғашқы нәтижесі жалақы, коммуналдық қызметтер және бюджетке төленетін міндетті төлемдер үшін компанияның бұғатталған шоттарын ашу болды.

Өңір басшысы атап өткендей, кәсіпорын басшылығы ағымдағы жылдың 10 наурызына дейін жалақы төлеу туралы шешім қабылдады. 22 ақпанда облыстың ірі кәсіпорындарының қатысуымен жедел штабтың тағы бір отырысы өтті. Үйлесімді жұмыстың арқасында екі күн ішінде өңірдің жетекші компанияларында бар бос жұмыс орындарының тізбесі құрылды. – Еңбекке қабілетті жастағы 1905 қызметкер үшін 3199 бос жұмыс орны бар, оның ішінде 1303-і ірі кәсіпорындарда, 1896-сы электрондық еңбек базасында, - деп атап өтті Даниал Ахметов.

Кеңес барысында "Кэмонт" АҚ қысқартылған қызметкерлерді қабылдау рәсімін бастағаны белгілі болды. 80-нен астам адам алдын ала әңгімелесуден өтті және "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" - да өз міндеттерін аяқтағаннан кейін жұмысқа кірісуге дайын. Облыс әкімі жұмысқа орналастыру әр адам бойынша жеке жүргізілетінін және өңір басшысы күн сайын жедел ақпаратты жеке өзі зерделейтінін атап өтті.

Сонымен қатар, автомобильдерді құрастырумен айналысатын отандық зауыттардың басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Олар машина құрастырушы мамандарды жұмысқа орналастыруға дайын. Сондықтан жедел штаб "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" КТ басшылығына Алматы мен Қостанайда жұмыс істегісі келетін 270 адамның алдын ала тізімін дайындауды ұсынды. Сондай-ақ, 160-қа жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорындардың құрылыс блогымен мұқият жұмыс істеу тапсырылды.

- Бүгінгі таңда Баланы дамыту орталығының жұмысын сақтау мақсатында құрылтайшы, мемлекеттік тапсырыс алу үшін тиісті құжаттарды жинастыруда. Орталықта 73 адам жұмыс істейді, оның ішінде 28 педагог. 11 наурыздан бастап мемлекеттік тапсырыс аясында қаржыландыруды қамтамасыз етеміз. Барлық қызметкерлер өз жұмыстарын жалғастырады деп сендіремін, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Компаниялар тобына 23 ақпанға дейін "БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО" құрамына кіретін бөлімшелердің тізбесін анықтау, сондай-ақ 2021 жылғы 11 наурыздан кейін олардың жұмысын одан әрі жалғастыру шарттарын белгілеу ұсынылды.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх