Нұр-Сұлтан

Түркі кеңесі елдері ынтымақтастықты дамытуды талқылады 26 Ақпан 2021 в 18:00 54

Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді жандандыруға ниетті.

Бейнеконференция байланысы форматында Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) энергетика министрлерінің бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Әзербайжан, Қазақстан және Түркия энергетика министрлері, Қырғызстан мен Өзбекстан энергетика ведомстволарының орынбасарлары мен өкілдері, сондай-ақ кеңесте бақылаушы ел ретінде Венгрия Сыртқы істер министрлігінің энергетика және климат мәселелері жөніндегі ерекше тапсырма жөніндегі елшісі қатысты.

Тараптар мүше мемлекеттерде өндірілетін мұнай-газ-химия өнімдерін жеткізудің халықаралық арналарын пысықтауға уағдаласты.

Осылайша, Түркі кеңесіне мүше елдерінің экономика, сауда, денсаулық сақтау, білім беру және туризм сияқты салаларындағы жолға қойылған ынтымақтастығына энергетика саласындағы өзара іс-қимыл тетігі қосылады.

Кеңес елдерінің энергетика министрліктерінің басшылары жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін қолайлы инвестициялық орта құруды талқылады.

Бұдан басқа, елдер арасында энергия тиімділігі және озық энергетикалық технологиялар саласында тәжірибе алмасу жоспарлануда.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев әріптестерін 2022 жылы Түркі Кеңесінің энергетика саласы министрлерінің екінші отырысын Қазақстанда өткізуге дайын екендігі туралы хабардар етті.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх