Нұр-Сұлтан

Әскери құрылымдарды цифрландыру мәселесі қаралды 8 Сәуір в 12:54 20

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов бастаған қорғаныс ведомствосының өкілдері отандық ұялы байланыс операторларымен өткен кеңеске қатысты.

Қорғаныс министрлігінің бастамасымен өткен кездесуде қорғаныс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды цифрландыру мәселелері қаралды. Қорғаныс министрінің орынбасары барлық жасалып жатқан жаңа жобалар, нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер қорғаныс нысандарының мүддесінде инфрақұрылым құру қажеттілігін көздеуі тиіс екенін атап өтті.

Осы орайда, Дарын Тұяқов жиналғандарға қорғаныс ведомствосының арнайы мақсаттағы байланыс ортасын құру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы мәлімдеді. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасының қорғанысын, қауіпсіздігін және құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымын біріктіруге мүмкіндік береді.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бастаманы қолдап, жұмыс тобын құруға, сондай-ақ тиісті жұмысты ұйымдастыруға тапсырма берді.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 84 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх