Ақмола облысы

ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды 25 Ақпан 2021 в 13:00 40

Тұтынушының өтініші аясында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ның қызметінде үлгілік шарттарға сәйкес шарттар жасасу жөніндегі міндетті сақтау бөлігінде заңбұзушылық анықтады.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі үлгі шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түріне тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға міндетті.

Алайда, жоғарыда аталған заң нормаларын бұза отырып, ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ы тұтынушылармен жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқан жоқ.

Осылайша, ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ның іс - әрекетінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 164-бабының 4-бөлігінде көзделген бұзушылық анықталды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабында көзделген міндетті орындамағаны үшін ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте, ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігі ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 4 667 200 теңге сомасында айыппұл салу қаралған.

Алайда, ШЖҚ «Көкшетау Жылу» МКК-ы бұзушылықпен келісіп, қысқартылған тәртіпте 2 333 600 теңге көлемінде айыппұл төледі.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх