Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да COVID-19-ға қарсы ревакцинация жасау басталды 23 Ақпан в 10:00 17

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" препаратпен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Препарат екі компонентті, 21 күн аралықпен енгізіледі. Шығыс Қазақстанда 1300 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оларда асқынулар анықталған жоқ. Бүгін медицина қызметкерлері қайта егуді бастады.

- Біз алғашқы екпе жасағандардың қатарында болдық. Менде жанама әсерлер болған жоқ. Температура көтерілмеді. Қазір вакцинаның екінші дозасын алдық. Мұнда ең бастысы - біз өзімізді коронавирустық инфекциядан қорғай алатын моральдық сенімділікті сезінеміз. Сонымен қатар, біз, медицина қызметкерлері, үнемі қауіпті аймақтамыз. Сондықтан Семей қаласының перинаталдық орталығы қызметкерлерінің 75% - ы вакцина алды, - деп хабарлады Семей қаласының "Перинаталдық орталық" ШЖҚ КМК директоры Аркат Дайрбеков.

Ревакцинация жүргізу үшін ШҚО-да 1300 доза вакцина жеткізілді (Өскемен қаласында-650, Семей қаласында-650). Облыстық «Ана мен бала орталығының» учаскелік терапевтік қызметінің меңгерушісі Ақбөпе Тұрсынбекованың айтуынша, вакцина алған дәрігерлер алғашқы жолғыдай 38 градустан жоғары температурада бірден хабарлап, аурухана парағын аша алады.

- Менде алғаш рет инъекция орнында аздап бұлшықет ауыруы және қызару болды. Кейбір қызметкерлердің қызуы көтерілді, барлығы әдеттегі СЕҚҚП қабылдағаннан кейін басылады. Барлық осы белгілер 1-3 күн ішінде тоқтатылды. Жалпы дәрігерлердің жағдайы қалыпты. Болашақта барлық әріптестерімізді вакцина алуға шақырамыз", - деп қосты дәрігер.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс емханаларында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай егу кабинеттері дайындалды.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 455 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 97 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх