Шығыс Қазақстан облысы Вчера в 11:00 Қызметкерлер жаңа жұмысқа орналасады Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап "БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО" компаниялар тобының Шығыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің 1969 қызметкерлерімен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылады. Мәселені шешу үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Шығыс Қазақстан облысы 24 Ақпан в 15:30 QR-төлемдер арқылы мемлекеттік қызметтер саны ұлғайды «Азаматтарға арналған үкімет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттік қызметтер қатарын ұлғайтты. Енді шығысқазақстандықтар смартфондары арқылы елдегі ХҚО-да кез келген мемлекеттік қызметтің төлемін бірнеше секундтың ішінде жолдай алады.
Шығыс Қазақстан облысы 24 Ақпан в 11:30 Пәтерде қанша адам тіркелгенін қалай білуге болатынын айтып берді Шығыс Қазақстан облысында «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының мамандары пәтерде қанша адам тіркелгенін қалай тез тексеру керектігін айтты.
Шығыс Қазақстан облысы 24 Ақпан в 10:00 ШҚО боксшысы әлем чемпионатына жолдама алды Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Айшагүл Елеубаева 2003-2004 жылы туған боксшы қыздар арасында Алматыда өткен республикалық жарыста лайықты өнер көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысы 23 Ақпан в 10:00 ШҚО-да COVID-19-ға қарсы ревакцинация жасау басталды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" препаратпен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Препарат екі компонентті, 21 күн аралықпен енгізіледі. Шығыс Қазақстанда 1300 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Оларда асқынулар анықталған жоқ. Бүгін медицина қызметкерлері қайта егуді бастады.
Шығыс Қазақстан облысы 22 Ақпан в 17:00 Жоғары оқу орындары мен мектептер тығыз байланыс орнатқан Шығыс Қазақстан облысында мектептердің университеттермен ынтымақтастық мәселесі басты назарда. Осы ретте бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің алға қойған міндеттерін орындау – Қазақстан мектептеріндегі білім сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарында педагогтардың, студенттердің, ғылыми, цифрлық және кітапханалық ресурстардың зор әлеуеті шоғырланған.
Шығыс Қазақстан облысы 20 Ақпан в 11:30 Мемлекеттік гранттардың арқасында бизнес ашуда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Степное ауылының тұрғыны Виталий Алиев бала кезінен машина құрастыруды жақсы көретін. Бүгін оның хоббиі маңызды іске айналды. Ол мемлекеттің қолдауына ие болып, өзінің техникалық қызмет көрсету бизнес-станциясын ашты.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Ақпан в 10:35 Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық бойынша комиссия жұмысы басталды 4 топтың құрамында ШҚО ТЖД құтқарушылары, жергілікті атқарушы және мүдделі органдар көктемгі су еруге дайындық деңгейін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысындағы барлық тасқын қауіпті учаскелерді тексеруде.
Шығыс Қазақстан облысы 17 Ақпан в 18:00 «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-на қатысты әкімшілік іс қозғалды «Өскемен жылу желілері» АҚ-на қатысты жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жылумен жабдықтау қызметтері үшін есептеудің заңдылығы, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген үлгі шарттарға сәйкес шарттар жасасу міндетін сақтау бөлігінде заңнама бұзушылықтарын анықтады.
Шығыс Қазақстан облысы 17 Ақпан в 11:30 Аудандық ауруханада ангиографтың жұмысы іске қосылды Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданының орталық аудандық ауруханасында ангиографтың жұмысы іске қосылды. Науқастарға арналған скальпельсіз операцияларды дәрігер-интервент Дамир Маратұлы Жүнишанов жүргізеді. Интервенциялық немесе эндоваскулярлық хирургия - бұл рентгендік эндоваскулярлық әдісті қолдана отырып, «скальпельсіз» араласудың заманауи түрі, яғни зақымдалған мүшеге қол жеткізу тамырлар арқылы жүзеге асырылады.Орындалған манипуляцияларды визуалды бақылау аудандық ауруханада болатын жоғары технологиялық ангиографиялық жабдықпен қамтамасыз етілген. Енді науқастарға облыс орталығына барудың қажеті жоқ, көптеген операциялар ауданда жасалады. Операциялардың біріне жергілікті БАҚ журналистері қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы 16 Ақпан в 18:00 Шығысқазақстандық жазушылардың шығармалары акцияға қатысады Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Айтулы оқиға аясында түрлі акциялар мен челлендждер басталды.
Шығыс Қазақстан облысы 16 Ақпан в 15:00 Шығыс Қазақстан облысында жылжымайтын мүлікті ХҚО арқылы тіркеу тәсілін ұсынды Қазіргі таңда жылжымайтын мүлікті тіркеу ең танымал қызметтің бірі. Әдетте жылжымайтын мүлікті тек нотариус арқылы тіркеп үйренгенбіз, бірақ арзан және жылдам тіркегіңіз келсе, ХҚО-қа жүгінуге кеңес береміз.
Шығыс Қазақстан облысы 16 Ақпан в 13:00 Шығыс Қазақстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алды 32 жыл бұрын, 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлерінің соңғы колоннасы Ауған соғысын аяқтап, Ауған-кеңес шекарасын кесіп өтті. Бұл күн барлық қаза тапқан интернационалист жауынгерлерді еске алу күні.
Шығыс Қазақстан облысы 3 Ақпан в 10:40 Биыл ШҚО-да шақыру учаскелеріне 7 мыңнан астам адам тіркелуге жатады ШҚО-да әскерге шақыруға байланысты баспасөз конференциясы өтті. Әскерге шақырылғанға дейінгілерді әскери есепке қою үшін тіркеуді тиісті жергілікті атқарушы органдар жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүргізеді.
Шығыс Қазақстан облысы 2 Ақпан в 15:00 ШҚО-дан 1,5 мыңнан астам азамат көктемгі әскер қатарына шақырылмақ Елімізде 1 наурыздан 31 маусымға дейін көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны өтеді. Науқанға байланысты ШҚО-да конференция өтті. Баспасөз конференциясы барысында ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Еркеш Бекбаевтың айтуынша, өткен жылы Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскери құралымдарын жасақтауға 2500-ден астам азамат шақырылып, жіберілген.
Шығыс Қазақстан облысы 1 Ақпан в 16:00 Дәрігерлер әлеуметтік желілерде жаңа челлендж бастады Бүгін Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның бірінші кезеңі басталды. Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері алғашқылардың бірі болып екпе алуда. Дәрігерлер қазақстандықтарды өз денсаулығына қамқорлық жасауға және егу науқанына қатысуға шақыруға бағытталған «Instagram» әлеуметтік желісінде жаңа челлендж бастады.
Шығыс Қазақстан облысы 1 Ақпан в 12:00 Шығыс Қазақстанда ерікті түрде екпе егу науқаны басталды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 1 ақпаннан бастап Қазақстанда «Спутник V» коронавирусына қарсы ресейлік препаратпен ерікті түрде вакцинациялау науқаны басталды. Өскеменде алғашқы екпені ШҚО ССК өкілі Қанат Тұрдиев пен «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Ермек Омарбеков, Семейде ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Думан Берікұлы және «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Арқат Дайырбеков алды.
Шығыс Қазақстан облысы 1 Ақпан в 10:10 Өндіріс орнының мәселесі талқыланды Шығыс Қазақстан облысындағы "Востокмашзавод"АҚ-ның қызметкерлеріне қарызы 48 млн теңгеден асқан. Кәсіпорынның 420 қызметкері 2020 жылдың желтоқсан айының жалақысын алмаған, олар үшін зейнетақы, әлеуметтік, сондай-ақ МӘМС қорына аударымдар жүргізілмеген. Компанияның өзі қаңтар айынан бастап жұмысын уақытша тоқтатқан. Осыған орай, ШҚО әкімдігі мен "Востокмашзавод" АҚ өкілдері онлайн баспасөз-конференциясын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы 29 Қаңтар в 16:30 Медицина қызметкерлері екпе егу бойынша оқытудан өтті ШҚО-да 350-ден астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе егу бойынша оқытудан өтті. Бұл туралы баспасөз конференциясы барысында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли айтты.
Шығыс Қазақстан облысы 29 Қаңтар в 14:45 Департамент жұмысы қорытындыланды ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Шығыс Қазақстан облысы 21 Қаңтар 2021 в 15:50 Отбасы құндылықтары дәріптелді "Отбасылық бақыттың кепілі - бұл бір-біріне деген құрмет пен қамқорлық. Қазақ халқының өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтаудың іргетасы отбасылық құндылықтар болып табылады. Осы орайда, жас қыз-келіншектерге қоғамның әл-ауқатына негізделген ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлеріміз туралы аға буын өкілдері айтпағанда, басқа кім айта алады?" Осы мақсатта, дәл бүгін Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында жас келіндерге арналған шеберлік сабағы өтті.
Шығыс Қазақстан облысы 21 Қаңтар 2021 в 12:00 Алдын ала бронмен қабылдайды Шығыс Қазақстан облысында азаматтардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында ХҚО-лар азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды.
Шығыс Қазақстан облысы 19 Қаңтар 2021 в 18:00 Алғыс хаттар табысталды ШҚО Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері түрлі қайырымдылық акцияларындағы белсенділігімен танымал. Ал оларды бұл істе ШҚО ҚХА меценаттар клубының мүшелері қолдап отырады.
Шығыс Қазақстан облысы 19 Қаңтар 2021 в 16:30 Індетке қарсы екпе егіледі Қазақстанда, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-ға қарсы вакцинация ағымдағы жылдың ақпан айында басталмақ. Ең алдымен вакцинациядан медицина қызметкерлері мен мұғалімдер өтеді.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Қаңтар 2021 в 18:00 Сақтық шараларын сақтауға мән берілді 19 қаңтарда Православ христиандары «Крещение» мерекесін атап өтеді. Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар өңірдегі 23 суға шомылу орнында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін болады.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Қаңтар 2021 в 16:05 Қазандықтар арнайы тексеруден өтеді Жаңа жылдан кейін шығысқа түскен қатты аяздар Семей қаласы тұрғындарының шыдамдылығы мен жылыту желілерінің беріктігі үшін нағыз сынақ болды. Аяздың беті әлі қайтпағандықтан, қала тұрғындары тарапынан шағымдар көбейіп, мәселе күрделене түсті.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Қаңтар 2021 в 13:00 Көлік құжатын қалай қалпына келтіруге болады? Құжаттарды қалпына келтіру туралы сұрақтар, әдетте, азаматтардан жиі қойылатын сұрақтардың бірі болып табылады. Іс жүзінде әрқайсымыз маңызды құжаттардың жоғалуына, ұрлануына немесе бүлінуіне тап болдық және оларды қалпына келтіру туралы нақты нұсқаулар қажет болды.
Шығыс Қазақстан облысы 15 Қаңтар 2021 в 18:00 МИБ-тің артықшылықтары талқыланды ШҚО Риддер қаласында жергілікті өзін-өзі басқару және ҮЕҰ өкілдері МИБ артықшылықтарын (мүлік иелерінің бірлестігі), сондай-ақ шешім қабылдау үдерістерінде жергілікті қоғамдастықтардың белсенділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелерді талқылады.
Шығыс Қазақстан облысы 15 Қаңтар 2021 в 17:25 Мектептерде заңбұзушылықтар анықталды ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде облыс мектептерінде 2020 жылы жүргізілген профилактикалық бақылаудың қорытындылары туралы айтылды.
Шығыс Қазақстан облысы 14 Қаңтар 2021 в 15:30 Көпбалалы ана өз кәсібін дамытуда Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән қойылып, халықтың кәсіп бастауына бар жағдай жасалынған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында азаматтар кәсіптік оқытудан өтіп, мемлекеттік грант ұтып ала алады. 2020 жылдың өзінде Үржар ауданында 110 адам 60,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.
Шығыс Қазақстан облысы 14 Қаңтар 2021 в 12:30 Өскеменде татуласу орталығы ашылды Жанжал мен даулар тек сотта шешіледі деген пікір бар. Алайда, әлемдегі сот төрелігінің басты қағидасы – дауласушы ек жақты ымыраға келтіру болып табылады. Осылайша, дамыған елдерде жанжалдардың 90 пайызы соттан тыс шешіледі.
Шығыс Қазақстан облысы 14 Қаңтар 2021 в 11:30 Су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде "Шығыс Қазақстан облысы үшін су тасқыны – күтілетін құбылыс, және іс жүзінде өңірдің барлық аумағында, әсіресе таулы аймақтардағы өзендерде байқалады",-дейді мамандар. Осыған байланысты жұмылдыру дайындығы басқармасының, ТЖ департаментінің қызметкерлері Қазгидрометпен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, өңірдегі су тасқынының алдын алу және ескерту жұмыстарын жүргізуде.
Шығыс Қазақстан облысы 12 Қаңтар 2021 в 16:30 Ауданда арнайы техника жаңартылды Биыл Шығыс Қазақстан облысының қысы аязды және қарлы болды. Бесқарағай ауданында алдағы табиғат құбылыстарына дайын болу үшін қосымша 3 арнайы автотехника сатып алынды.
Шығыс Қазақстан облысы 12 Қаңтар 2021 в 14:45 Оқушылардың 60%-дан астамы оқуды дәстүрлі форматта бастады Жаңажылдық демалыстан кейін Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының 60%-дан астамы оқуларын дәстүрлі форматта бастады.
Шығыс Қазақстан облысы 8 Қаңтар 2021 в 17:05 МӘМС үшін кімге және қанша төлеу керек? Өткен жылдан бастап медициналық сақтандыру тақырыбы елдің әрбір тұрғынына қатысты болды, сондықтан медициналық сақтандыру қандай мүмкіндіктер беретінін және оның қаншалықты тиімді екенін білу маңызды.
Шығыс Қазақстан облысы 8 Қаңтар 2021 в 10:45 Шағын ауданды абаттандыру мәселелері талқыланды 2020 жылы ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша Өскемен қаласының 19-тұрғын ауданын абаттандыру бойынша кешенді жоспар құрылды. Бүгін өңір басшысы шағын аудан тұрғындарымен кездесіп, жұмыс қорытындысын талқылап, биылғы жылға жоспар құрды.
Шығыс Қазақстан облысы 25 Желтоқсан 2020 в 16:00 Жаңа жыл – барлық бала асыға күтетін мереке! Жаңа жыл – барлық бала асыға күтетін мереке. Жаңа жыл қарсаңында балалар үшін мереке ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының Президенті мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі атынан сыйлықтар тарту ету дәстүрге айналды.
Шығыс Қазақстан облысы 22 Желтоқсан 2020 в 11:55 Кодекстің әзірленуі талқыланды Соңғы екі жылда халықты әлеуметтік қорғау саласы үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазір Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласын реттейтін барлық нормативтік – құқықтық актілерді жүйелейтін маңызды құжат - Әлеуметтік қамсыздандыру туралы Кодексті қалыптастыруға кірісті.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Желтоқсан 2020 в 12:10 Балаларға жасалған қамқорлық Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық мекеме «Қамқорлық» бастамалар форумы аясында ашылды. Бүгінде дәл осындай орталықтар еліміздің сегіз өңірінде ашылып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қоры» дамуында ерекшеліктері бар балаларға көмек көрсетуге бағытталған «Қамқорлық» стратегиялық бастамасын іске асыруды бастады. Тұңғыш Президент бейнеконференция режимі арқылы орталықтардың ашылу рәсіміне қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Желтоқсан 2020 в 11:35 Жаңа пәтерлер беріліп, әлеуметтік нысандар ашылды Шығыс Қазақстан облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында 11 әлеуметтік маңызы бар нысан ашылып, 744 отбасыға жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттері табысталды.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Желтоқсан 2020 в 11:10 Сақтандыру қорының жұмысы қорытындыланды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі толыққанды енгізіле бастағаннан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Бұл елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды реформа болды. Сондықтан Шығыс Қазақстан облысында МӘМС енгізудің бірінші жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланды.
Шығыс Қазақстан облысы 18 Желтоқсан 2020 в 10:30 Қаулыға жеңілдіктер енгізілді Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың біртіндеп төмендеуі және эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады. Аймақ бүгінде "сары аймаққа" енгізілген.
Шығыс Қазақстан облысы 11 Желтоқсан 2020 в 12:30 Мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы айтылды Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД ақпараты бойынша, өңірде бүгінгі таңда ұзындығы 6 шақырым болатын бір ғана жабдықталған «Қызыл ту» мұз өткелі бар. Ұлан, Бесқарағай, Күршім аудандары мен Алтай ауданындағы барлық қалған өткелдер рұқсат етілмеген болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы 10 Желтоқсан 2020 в 16:40 620 мың мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілді Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтердің 85,5%-ы электрондық форматқа көшіріліп, қызметтерді алу рәсімі жеңілдетілген. Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды үйренді. Оған қоса пандемияға байланысты электрондық үкімет порталына деген сұраныс та артты.
Шығыс Қазақстан облысы 10 Желтоқсан 2020 в 13:00 Қоныс тойын тойлауда Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов баспасөз конференциясы барысында айтты.
Шығыс Қазақстан облысы 10 Желтоқсан 2020 в 12:30 Екі полигон салынады ШҚО экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасының жүзеге асырылуы туралы өткен ШҚО Экология департаментінің брифингінде ҚТҚ полигондарын салу, рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою мәселелері сөз етілді.
Шығыс Қазақстан облысы 10 Желтоқсан 2020 в 10:45 Балаларды оңалту орталығы уақытша жабылды Өскемен қаласының арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантинге жабылды. Бір ай уақыттан бері балалар қашықтықтан оңалтудан өтіп келеді.
Шығыс Қазақстан облысы 8 Желтоқсан 2020 в 18:00 Шығысқазақстандықтар ТОП-100 студенттер қатарына кірді Шығыс Қазақстан колледждерінің оқушылары «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауына қатысты. Жоба колледждердің талантты студенттерін қолдауға және жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған.
Шығыс Қазақстан облысы 8 Желтоқсан 2020 в 15:00 Жомарт жандарға құрмет көрсетілді Шығыс Қазақстан облысының орталығында «Жомарт жүрек-2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жерлестеріне өтеусіз көмек көрсеткен, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырған, қайырымдылық шараларына белсене атсалысқан шығысқазақстандықтар сый-сияпатқа ие болды.
Шығыс Қазақстан облысы 7 Желтоқсан 2020 в 12:40 Театр жұмысы жанданды Шығыс Қазақстан облыстық драма театры 7 желтоқсаннан бастап көрермендерін қайта қуантпақ. Бұған дейін театрлар да өзге да ұйымдар сияқты шектеу шараларының күшеюіне байланысты өз жұмысын тоқтатқан болатын. ШҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2 желтоқсандағы жаңа қаулысында театрларға ерекше шарттармен жұмысын жалғастыруға рұқсат берілді.