Нұр-Сұлтан Сегодня в 19:00 Скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы ашылады Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 18:00 Түркі кеңесі елдері ынтымақтастықты дамытуды талқылады Түркі кеңесінің энергетика министрлері мұнай және газ, электр энергиясы, ЖЭК, сондай-ақ мұнай-газ-химия саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде ұйымға мүше елдерде өндірілетін өнімді тасымалдау бағыттарын әзірлеуді жандандыруға ниетті.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 17:00 Кәсіптік оқытуларға қатысушылармен сұхбат басталды "Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға қатысушыларды анықтау мақсатында оқыту орталықтарының басшылары, жұмыс беруші және үміткер арасында үшжақты кездесу ұйымдастырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 15:30 «Татуласу мектебі: тең-теңімен» авторлық курсы өтті Елордада «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы және №72 мектеп-лицейі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында 2020-2021 оқу жылында профессор А.Тесленконың «Татуласу мектебі: тең-теңімен» авторлық бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 14:00 Елорданы цифрландыру: 2020 жылы қылмыстар саны 30%-ға азайды Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 12:00 Халықаралық әуе рейстер саны артады Қазақстан Түркияға, Өзбекстанға, Қырғыз Республикасына және Украинаға әуе рейстер санын арттырады.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 10:30 Өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжат ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленді, онда әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының бірі қарттардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.
Нұр-Сұлтан Сегодня в 09:30 Елордалық спортшылар ел чемпионатында екі алтын медаль алды "Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатын олжалы бастады. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының екі спортшысы 1-орын иегерлері атанды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан Вчера в 18:00 Қазақстанда 2020 жылы 25,5 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмысқа орналастырылды 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 25 541 мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдаудың түрлі шаралары көрсетілді.
Нұр-Сұлтан Вчера в 16:30 Автомобиль және темір жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау жоспары бекітілді Республикалық маңызы бар жолдарды су тасқыны кезеңіне дайындау барысында қауіптің алдын алу және жою мақсатында Министрлік су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарын бекітті. Орталық және өңірлік деңгейде жол қызметтері өкілдерінен тұратын комиссиялар құрылды.
Нұр-Сұлтан Вчера в 10:00 Елордалық оқушылар екі қойылым тамашалайды "Елордада мектеп оқушыларына арналған «Балалар мен театр» жобасы 2021 жылдың алғашқы күнінен бастау алған болатын. Бүгін жоба аясында оқушылар Музыкалық жас көрермен театрында М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «ҒАШЫҚ-ЖҮРЕК» музыкалық-поэтикалық қойылымын тамашалайды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 24 Ақпан в 19:00 Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жайы сөз болды 23 ақпан күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында РММ алаңында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің негізгі принциптері» баспасөз конференциясы өтті.
Нұр-Сұлтан 24 Ақпан в 16:30 30 мыңнан астам адам МӘСҚ-тан төлем алды 2021 жылғы қаңтарда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 30,8 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 6 754 адамға алғаш рет төлем тағайындалды.
Нұр-Сұлтан 24 Ақпан в 11:00 ЖҚЖК аясында 2021 жылы 27 мыңнан астам жұмыс орны құрылады 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы (бұдан әрі – ЖҚЖК) шеңберінде ағымдағы жылы 331 жоба іске асырылатын болады. 2021 жылы барлығы 27,3 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның 10,2 мыңы тұрақты жұмыс орны болады.
Нұр-Сұлтан 24 Ақпан в 09:30 Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде Нұр-Сұлтанда су тасқынына қарсы іс-шаралар күшейтілді. Арық-науа желілерін, нөсер кәрізі жүйесін тазарту, сол сияқты нөсер кәріздері мен тазарту құрылыстарын салу, қорғау бөгетін реконструкциялау секілді іс-шаралардың кешенді жоспары бекітілді. Қалада су тасқынының қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Жиынға ТЖД, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК өкілдері, ведомстволық бағынысты құрылымдық бөлімшелер және т.б. қатысты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 19:00 Елордаға COVID-19-ға қарсы 2 мыңнан астам вакцина дозасы жеткізілді "Ресейлік "Спутник- V" вакцинасының 2030 екінші компоненті елордалық Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді. Екі компоненттің сыртқы бейнесі түс айырмашылығымен ерекшеленеді. Біріншісі - көк, екінші компонент қызыл түсті. Бір флакон 5 адамға екпе салдыруға арналған",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 18:00 Қарулы Күштер төтенше жағдайға қатысу мәселелерін пысықтауда Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, келесі аптаға тапсырмалар қойылды.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 15:30 Елордада карантин талаптарын бұзған 20-дан астам мекеменің қызметі тоқтатылды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бөлімінің басшысы Азамат Садықов онлайн брифингте карантиндік шаралардың сақталуын анықтау мақсатында 540 рейд жүргізілгенін мәлім етті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 14:30 Елордада басталған «Балалар мен театр» жобасы жыл соңына дейін жалғасады "Елордада биылдан бастап «Балалар мен театр» жобасы бастау алды. Жобаға Ә.Мәмбетов атындағы драма және комедия театры атсалысады",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 13:00 Биыл елордада жаңа амфитеатр ашылады "Нұр-Сұлтан қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен Instagram парақшасында ел астанасында жаңа амфитеатр ашылатынын мәлім етті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 11:30 Елордалық каратэ шеберлері ел кубогін жеңіп алды "18-20 ақпан аралығында Алматы облысы Қаскелең қаласында киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының кубогі өтті. Елордалық каратэшілер 9 алтын, 7 күміс, 12 қола жүлдемен жалпы қорытынды есепте бірінші орынды жеңіп алды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 10:30 Дербес көлік карталарын қайта шығарудың құны 1 наурыздан бастап өзгереді "2021 жылғы 1 наурыздан бастап «TRANSCARD» жеңілдігі бар және мектеп көлік карталарын қайта шығару бағасы 1000 теңге болады. Карталардың алғашқы шығарылымының бағасы бұрынғы қалпында – 500 теңге",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 23 Ақпан в 09:30 Соңғы аптада елордада COVID-19 ауруының төмендеуі байқалады "Ақпан айының басынан бері елордада коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 192 жағдайы тіркелді. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифинг барысында қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлім етті",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 18:30 Қаңтар айында 52,4 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты 2021 жылғы қаңтарда 52,4 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы) қатысушылары болды. 49,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 13,8 мыңы – тұрақты жұмысқа тұрды.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 17:30 Әскери колледж кадеттерге қабылдау жариялайды Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжіне оқуға қабылдау басталды, онда еліміздің Қарулы Күштерінің қатарына алынатын кәсіби сержанттар даярланады.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 16:30 «30 игі іс»: елордада қайырымдылық акциясы өтті «30 игі іс» аясында елордалық ҚХА мүшелері «Қан тапсыр – өмірді құтқар» акциясы аясында қан тапсырды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 15:30 Елордада дәстүрлі Жамбыл оқулары байқауы өтті «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназиясында дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 13:00 Елорданы абаттандыру жайлы айтылды "Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында бас қаланы абаттандыру жұмысы қалай жүргізілетінін мәлім етті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 22 Ақпан в 10:00 Елордада қысқы триатлон жарысы өтті Нұр-Сұлтан қаласының Триатлон паркінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыстар өтті. «Супер спринт» қашықтығы бойынша кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында өткен жарыстың ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 19:00 Елордада 23 аула клубы жұмыс істейді "Бүгінде Нұр-Сұлтанда 23 аула клубы жұмыс істейді, онда 28 спорт секциясы және 21 шығармашылық үйірме бар",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 18:00 Елордада волонтерлікке жастарды тегін дайындайды "Астана жастары" еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді. «Астана жастары» «Волонтерлер мектебіне» қабылдау үшін жастарды тегін дайындайды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 17:00 Нұр-Сұлтандағы мәдени шаралар мәтіні айтылды Алдағы аптада елордада көптеген мәдени шаралар өтеді.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 16:00 Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтеді "Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі 28 ақпанда өтеді. Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен өтеді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 15:00 Взвод командирлері курстық даярлық жүйесі бойынша оқытудан өтуде Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығының базасында взвод командирлерімен «Тактик» біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 14:00 Елордада екі мыңға жуық адам екпе қабылдады "Елімізде ақпан айының алғашқы күнінен бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау басталған болатын. Бүгін ел астанасында өткен арнайы онлайн брифингте осыған дейін атқарылған жұмыстар жайлы есеп берілді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 13:00 Елордада «Babytown» аула клубы ашылды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ «Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп, Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайында орналасқан ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған «Babytown» жалпы білім беру-сауықтыру орталығының базасында жаңа аула клубын ашты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфоға сілтеме жасап хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 11:00 Әскери дирижерлердің жиыны өтіп жатыр Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери дирижерлердің оқу-әдістемелік жиыны өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтан 20 Ақпан в 09:00 Елордада қысқы триатлоннан қайырымдылық жарысы өтеді "Елорданың Триатлон паркінде 21 ақпан күні ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қысқы триатлоннан жекелеген жарыстар өтеді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 18:30 Нұр-Сұлтанда екі мыңға жуық жұмысшы қар тазалауға шықты "Елордада 17 ақпаннан 18-іне қараған түні 7 мм қар жауды, бұл айлық норманың жартысына жуығы. Елордада қар жинау жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 17:30 Балықтың қырылуына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр "Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «ЖасНұр» ведомстволық бағынысты кәсіпорнының күшімен алғаш рет суға аэрация жүргізу, яғни Есіл өзені мен оның салаларында балықтардың қырылуын болдырмау бойынша ауқымды іс-шаралар жүргізуде",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 16:30 Елордада білім беру мекемелеріндегі өрт қауіпсіздігі талқыланды "Бас қалада білім беру нысандарының өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 15:30 Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 14 136 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асыруда.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 14:30 Энергетика министрі Total концернінің бөлімше басшысын қабылдады "Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Total компаниясы Барлау және Өндіру бөлімшесінің басшысы Арно Брёйякты қабылдады",- деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 13:30 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға арналған мамандықтар тізімі бекітілді "Елордада нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті мамандықтар тізбесі мен орындарды бөлу бекітілді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 12:30 Елордада «Nur-Sultan Open 2021» қала чемпионаты аяқталды Екі күнге созылған чемпионатқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды, Нұр-Сұлтан қаласынан 175 спортшы қатысты. 2004-2005 және 2006-2007 жылғы жасөспірімдер жеңіл атлетиканың бес түрінен, яғни ядро лақтырудан, жүгіруден, эстафетадан, ұзындыққа секіруден және жеңіл атлетикалық жүрістен сынға түсті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 11:30 Елорданы цифрландыру жұмысы жоғары бағаланды Нұр-Сұлтан қаласын "Ақылды қала" тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 негізгі бағыт бойынша басым жобалар іске асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларын цифрландыру. Бүгін елорда әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа жұмыс барысын және оның қолданысын таныстырды. Іс-шараға бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар министрліктер, облыстық әкімдіктер және т.б. қатысты.
Нұр-Сұлтан 19 Ақпан в 10:00 Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізудегі азаматтық сектордың рөлі талқыланды Елордада «Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудегі азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, қоғам белсенділері және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Нұр-Сұлтан 18 Ақпан в 20:00 Құжат айналымы бойынша виртуалды көмекші пайда болды "Мемлекеттік органға жіберілген хаттың жай-күйі туралы ақпаратты енді Telegram мессенджеріндегі арнайы чат-боттан көруге болады",- деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.
Нұр-Сұлтан 18 Ақпан в 17:00 Бітімгер әйелдердің рөлі талқыланды Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында Канаданың әскери атташесімен кездесу өтті, онда БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысатын әскери қызметші әйелдердің рөліне қатысты мәселелер талқыланды.
Нұр-Сұлтан 18 Ақпан в 14:00 Жібек жолы кеден бекетінде есірткі заттарымен ұсталған төрт факті тіркелді "Үстіміздегі жылдың басынан бастап Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде шекарадан есірткі заттарын алып өтпекші болған төрт оқиға тіркелген. Есірткіні заңсыз тасымалдаушылар әр түрлі тәсілдерді пайдаланбақшы болған",- деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.