Алматы Вчера в 10:30 Алматыда ҚХА Кеңесінің отырысы өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді.
Алматы 1 Наурыз в 18:00 Екпе егудің пайдасы туралы айтылды "Қазақстандықтарға коронавирусқа қарсы вакцина егудің не үшін тиімді болатыны туралы эпидемиолог, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтып берді",- деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Алматы 1 Наурыз в 16:30 Алматыдағы И.Крылов атындағы балалар кітапханасы қайта ашылды Алматы қаласының әкімі Instagram-дағы өзінің парақшасында Әуезов көшесі, 175 мекенжайда орналасқан И.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылғанын, мұнда заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйірмелерге арналған орындар пайда болғанын жазды.
Алматы 1 Наурыз в 11:00 Алматыда Қарулы Күштердің чемпионаты аяқталды Қарулы Күштердің XVIII спартакиадасы аясында әскери қызметшілер арасында Алматыдағы Орталық спорт клубының базасында армиялық қоян-қолтық күресінен чемпионат өтті.
Алматы 27 Ақпан в 18:30 «Медеу» мұз айдынында ел әскерінің бірыңғай спорт күні басталды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қарулы Күштерде «Қазақстан - спорттық ұлт» ұранымен бірыңғай спорт күні өтті.
Алматы 27 Ақпан в 16:00 Алматыда жыл басынан бері 987,9 шақырым арық тазартылды Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, полковник Ерлан Әлібеков су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтты.
Алматы 27 Ақпан в 12:00 Алматыда бір жыл ішінде 35 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтып берді.
Алматы 26 Ақпан в 17:30 Жұмыспен қамту бойынша брифинг өткізді Онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова мен Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің маманы Динара Бейсенова халықты жұмыспен қамтамасыз етуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
Алматы 26 Ақпан в 15:00 Алматыда жатақханалар жайы сөз болды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта мегаполис аумағындағы ЖОО ректорларымен кеңес өткізді.
Алматы 25 Ақпан в 15:30 Алматыда медициналық қызмет сапасына қатысты кеңес өтті Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнеконференция байланыс арқылы кеңес өткізді.
Алматы 24 Ақпан в 18:00 Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдерінде кенеттен тексеріс жүргізілді Алматы гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ахуалына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өрістетуге, авиациялық топтардың әзірлігіне, әскерлер қызметіне, жауынгерлік даярлық пен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Алматы 23 Ақпан в 16:30 Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды Бүгін КВИ-ға қарсы вакциналардың 1750 доза мөлшерінде екінші партиясы жеткізілді. Естеріңізге сала кетейік, вакциналардың алғашқы партиясы Алматы қаласының 15 емханалық мекемесіне, яғни әрбір ауданда шамамен 2 емханадан жеткізілген болатын. Спутник V екінші компонентімен вакцинациялау бірінші компонентті қойған сол емханалық мекемелерде жүргізілетін болады.
Алматы 23 Ақпан в 11:00 Алматыдағы телемедицина орталығынан бес мыңнан астам адам кеңес алды Алматыда 2020 жылдың қарашасынан бастап коронавирустың жаңа толқынына дайындық аясында мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен іске қосылған Телемедицина орталығы жұмыс істейді. Орталықтың негізгі міндеті - COVID-19 расталған жағдайлары бар үй карантиніндегі пациенттерді бақылау.
Алматы 20 Ақпан в 17:30 Алматы мектептерінде санитарлық нормалар қатаң сақталады Бүкіл елдегі секілді Алматы қаласында да пандемия жағдайына байланысты оқу жылы ерекше жағдайда өтуде. Балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылдануда.
Алматы 20 Ақпан в 12:00 «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды Алматы қаласы тұрғындарының өтініштері негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ның қызметіне «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 3), және 5) тармақшаларының талаптарын сақтау, атап айтқанда Табиғи монополия субъектісінің осы Заңға сәйкес бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну және тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жеткізудің тең шарттарын ұсыну бойынша міндеттемелердің сақтауы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Алматы 20 Ақпан в 09:30 Қарлы шыңға бару қауіпті болып тұр Алматылықтарды Богданович мұздығына барудан уақытша бас тартуға шақырады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы Туризм басқармасы басшысының орынбасары Марат Айнабеков пен Алматы қаласы Құтқару қызметінің басшысы Дмитрий Чухонцев мәлім етті.
Алматы 19 Ақпан в 17:00 Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру жоспары туралы айтылды Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қала тұрғындарымен есептік кездесуі өтуде.
Алматы 19 Ақпан в 15:00 Медициналық заттар мен дәрі-дәрмектер тапшылығы болмайды Алматы қаласы, Медеу ауданының тұрғыны Ирина коронавирустың екінші толқыны пайда болған кезде медициналық құралдар туралы, қаланың қажетті медициналық заттармен және дәрі-дәрмектермен қалай қамтамасыз етілетіндігі туралы сұрады.
Алматы 19 Ақпан в 10:30 Әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қызметтер көрсетілуде Алматыда бір жылда қала тұрғындарына 41,5 мың КТ және МРТ қызметі көрсетілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Алматы 18 Ақпан в 18:00 Алматыда биыл 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады Алматы қаласы, Түрксіб ауданының тұрғыны Валентина Кузьмина қала әкімінің кездесуінде қалада жұмыспен қамту және пандемия жағдайындағы қиындықтар мен шектеу шараларының нәтижелері туралы сұрақ қойды.
Алматы 18 Ақпан в 16:30 Алматы қаласының экологиялық жағдайы ерекше бақылауда Алматы қаласының әкімі экологиялық мәселелерге аса мән беретінін жеткізді. «Алматы қаласының экологиялық жағдайы әкімдік жұмысындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Бұл үлкен кешенді жұмыс, экологиялық проблемаларды шешуге барлық жағынан қарау керек. Ең бастысы-ЖЭО-2 газға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өткен жылы бұл мәселе шешілді. Газға көшірудің әртүрлі схемалары болды, биыл «Самұрықэнерго» жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда. 2022 жылдан бастап әрбір алты ай сайын екі қазандықтан жаңғырту жүргізіледі. 2025 жылдың соңына қарай барлық сегіз қазандық агрегатын газға көшіруді аяқтау жоспарлануда. Қаржыландырудың тиісті схемасы мен газ жеткізу көлемін Үкімет шешіп үлгерді, Энергетика министрлігі «Самұрықэнергомен» бірге бұл мәселемен айналысып жатыр. Біз қала тұрғындарына бастаманы қолдағаны және бұл мәселені үнемі қадағалап отырғандары үшін алғысымызды білдіреміз», - деп жауап берді қала әкімі Б.Сағынтаев.
Алматы 18 Ақпан в 14:35 Алматыда 601 көше жарықтандырылады Алматыда жыл соңына дейін 601 көше жарықтандырылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындармен есептік кездесу барысында хабарлады.
Алматы 18 Ақпан в 13:00 Құрылыс салушыларға қойылатын талаптар айтылды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесу барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және қоғамдық кеңістіктер салу туралы хабарлады.
Алматы 18 Ақпан в 12:00 Биыл Алматыда ЭКО-ға 800 квота бөлінді Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев алматылықтардың WhatsApp әлеуметтік желісіне жазған «Президент квота жайлы айтқан еді. Алматыға қанша квота бөлінеді және оған кімдер жауапты?» деген сауалына жауап берді.
Алматы 18 Ақпан в 10:00 Алматыда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны артты Қала әкімі Б. Сағынтаевтың халық алдындағы есептік кездесуі кезінде ШОБ қолдау шаралары туралы деректер айтылды.
Алматы 17 Ақпан в 18:30 Алматыда 8 жаңа мектеп пен 17 қосымша нысан салынады Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуінде мегаполистің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту туралы деректер айтылды.
Алматы 17 Ақпан в 17:30 Алматыда 350 мың ағаш егіледі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуінде мегаполистің экологиялық жағдайын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттер мен жоспарлардың алдын ала нәтижелері айтылды.
Алматы 17 Ақпан в 16:30 Алматыда кезекте тұрғандарға 8 мыңнан астам пәтер беру жоспарлануда Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың есеп беру кездесуі барысында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру туралы белгілі болды.
Алматы 17 Ақпан в 15:30 Алматы экономикасының өсімі қамтамасыз етілді Халықпен есептік кездесуінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2020 жылдың қорытындысы бойынша мегаполистің экономикалық көрсеткіштерінің өсуі қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Алматы 17 Ақпан в 14:30 Алматы «Шетсіз қала» қағидаты бойынша дамуды жалғастырады 2021 жылы Алматыда 40 шақырымнан астам жаңа жол салынады.
Алматы 17 Ақпан в 13:30 Алматы қаласы әкімінің диалогы өтуде Алматы әкімі Б.Сағынтаев халықпен есепті кездесу кезінде коронавирус инфекциясының дереу тарауын тоқтатуға не көмектескенін айтып берді.
Алматы 16 Ақпан в 16:30 Әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша маңызды сұрақтарға жауап берді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы филиалы өзектілігін жоймайтын сұрақтарға жауап береді. Қосымша сауалдарды Қордың 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот @SaqtandyryBot және fms.kz ресми сайты арқылы жолдауға болады
Алматы 12 Ақпан в 10:30 Алматылық дәрігер екпе туралы әңгімелеп берді Алматыда вакцинациядан кейін өзіңізді қалай ұстау керектігі айтылды. Ең басты ережелер: Инъекция орнына су тигізбеу, саунаға бармау, алкоголь тұтынбау, физикалық күш түсіруден аулақ болу.
Алматы 12 Ақпан в 09:30 Алматы халықаралық әуежайында тексеру жүргізілді Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполис аумағында қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бақыланады. Олардың қатарында Алматы халықаралық әуежайы бар, онда келушілердің жағдайын және оларда COVID-19-ға теріс ПТР тестінің нәтижесі теріс болуын бақылайды.
Алматы 10 Ақпан в 18:00 Ауданды дамыту жоспары туралы айтылды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шетсіз қала» қағидаты бойынша Түрксіб ауданында үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Ақжаров 2020 жылдың қорытындысын шығарып, ауданды дамыту жоспарлары туралы айтып берді. Үш сағаттық тікелей эфир барысында қала тұрғындарынан 150-ден астам сұрақ түсті, аудан әкімі 80 cұраққа жауап берді. Қалған мәселелер бойынша ақпаратты аудан әкімдігі беретін болады.
Алматы 10 Ақпан в 16:30 Вакцинацияның маңыздылығы жайлы айтты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында COVID-19-дың алдын алу шаралары туралы айтты, ол, әсіресе, вакцинациялаудың маңыздылығына тоқталды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматыда COVID-19-ға қарсы кезең-кезеңмен вакцинациялау басталды.
Алматы 10 Ақпан в 15:30 Алматылық еріктілер пандемиямен күреске қосқан үлесі үшін марапатталды Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қала еріктілеріне "Халық Алғысы" медалін, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын, сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың алғыс хаттарын табыс етті. Сонымен қатар, қала белсенділеріне ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой атынан пандемиямен күрестегі қажырлы еңбегі, мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға және дәрігерлерге қолдау көрсетуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етілді.
Алматы 10 Ақпан в 10:52 COVID-19-дан 1 315 алматылық медицина қызметкерлері вакцинацияланды Алматы қаласы үшін медициналық қызметкерлерді вакцинациялау үшін СҚ Фармация 1750 дозаны жеткізді. Бұл туралы Алматы қаласы ӨКҚ брифингінде қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова айтты.
Алматы 8 Ақпан в 12:15 Алматыда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры қалыптасты Қаланы дәрі-дәрмекпен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласының стационарларында, емханалары мен дәріханаларында дәрі-дәрмек құралдарының және медициналық мақсаттағы бұйымдарының жеткілікті болуына апта сайын мониторинг жүргізіліп тұрады.
Алматы 8 Ақпан в 11:50 Алматыда 300 мыңнан астам ағаш егу жоспарланып отыр Алматыда мегаполистің жасыл қорын дамыту басымдықтары туралы айтылды. Алматы қаласы ӨКҚ алаңында өткен онлайн брифинг барысында қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская 2020 жылдың қорытындылары туралы баяндады.
Алматы 8 Ақпан в 11:30 Алматыда арық жүйесі түгенделді Алматыда Жасыл экономика басқармасының 2020 жылғы жұмысы қорытындыланды. Алматы ӨКҚ алаңында өткен онлайн брифинг барысында басқарма басшысы Наталья Ливинская да ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы айтып берді.
Алматы 8 Ақпан в 11:20 "Алматы - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметі бойынша жұртшылықпен кездесу өтті Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын жүргізу барысында азаматтық қоғаммен сындарлы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі туралы тапсырмасы шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алматы қаласында қоғам белсенділерімен ашық диалог өткізді.
Алматы 8 Ақпан в 11:10 Алматыда бұқаралық спортты дамытуға ден қойылды Алматы қаласында бұқаралық спортты дамыту шеңберінде қала тұрғындарын спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін 2020 жылы 700 - ден астам жазық құрылыстар салынды, олар-шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдары мен воркаут алаңдары, әмбебап балалар алаңдары. Соның ішінде Жетісу ауданында «Жекпе-жек орталығы» бірегей жобасы жүзеге асырылды.
Алматы 4 Ақпан в 12:45 Алматыда 7 мың жасөспірімді әскери есепке қою жоспарлануда Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдары 2004 жылы туған ер азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізуде. Бұл туралы Алматы ӨКҚ онлайн брифингінде Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі Департаменті бастығының орынбасары Фархат Құрманғажинов мәлімдеді.
Алматы 4 Ақпан в 11:35 Алматыда IT саласын дамыту жоспары туралы айтылды Алматыда 2020 жылы цифрлық жобаларды іске асыру және цифрландыру сапасын дамыту жоспарлары туралы Алматы ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг барысында Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді.
Алматы 4 Ақпан в 10:50 Алматыда аудан әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулері жалғасуда Алматыда аудан әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулері жалғасуда. Бүгін есеп беру кездесуінің барысында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өткен жылды қорытындылап, ауданды дамыту жоспары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Екі сағаттық тікелей эфир барысында аудан әкімі қалалықтардың 65 сұрағына жауап берді. Барлығы 405 сауал келіп түсті, барлық жауапсыз сұрақтар бойынша аудан әкімдігі жедел түрде ақпарат беретін болады.
Алматы 3 Ақпан в 13:35 Екпе егудің маңыздылығы айтылды Алматыда 1 ақпаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинациялау басталды.
Алматы 28 Қаңтар 2021 в 09:40 Алматы "қызыл" аймаққа енді Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдай алаңдатып отырғанын атап өтті. Алматы «қызыл» аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей жатыр.
Алматы 27 Қаңтар 2021 в 17:45 Тарифтердің төмендетілуін түсіндірді Алматы қаласында энергия көздеріндегі тарифтер 3%-ға, сумен жабдықтау қызметтері бойынша - 4%-ға, халық үшін электрмен жабдықтауға -1,5%-ға, заңды тұлғалар үшін-1,2%-ға төмендеді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында Табиғи монополияларды реттеу Комитеті Алматы қаласы бойынша Департаменті басшысының міндетін атқарушы Тимур Каленов айтты.
Алматы 26 Қаңтар 2021 в 10:45 Жаңа үйлерге көшіріледі Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша биыл ескі үйлердің 62 меншік иесін көшіру үшін 3 бес қабатты үй пайдалануға беріледі.