Қостанай облысы

Қостанайда құнды күнделік табылды 25 Ақпан 2021 в 15:00 58

1946 жылдың мамыр айынан бастап латын әліпбиінде жүргізіле бастаған күнделіктің авторы Мария Жұмагалиева есімді бойжеткен еді. Бірінші беттерде - кириллицадағы жазбалар, содан кейін латын қарпіндегі халық әндерінің өлеңдері мен жолдары бар.

Күнделік иесінің қызы-Сабира Шоқаева анасы өте қатал және жауапты адам болғандығын айтады. Мұғалім, одан кейін кітапханашы болып жұмыс істеген. Ал үлкен отбасылық альбомдағы фотосуреттер Мария Жұмағалиева белсенді өмір салтын ұстанғанын, жақсы сурет салып, семинарларға қатысқанын, латын қарпімен еркін жазғанын көрсетеді.

Сталиннің құрметіне арналған әндердің сөздері де күнделікке жазылған. Автордың жазуы тайға таңба басқандай. Сабира Жұмағалиқызы балаларының әжесінің латын қарпіндегі жазбаларын оңай оқығанын еске алады. Ал бүгін Сабира Жұмағалиқызы бұл жолдарды немерелеріне қайта оқып жатыр.

Кітап бумаларының арасында Мария Жұмағалиеваның ағасына тиесілі біреуі бар. Қали Оспанов өзінің әпкесінен бұрын сұрапыл соғыс жылдары 1941 жылы латын қарпінде ғана емес, араб тілінде де жазба жүргізген. Ал Сабыр Шоқаева бұл жазбалардың нендей түсінік беретіндігін жақын арада оқып білмек.

Бүгінде жаңа әліпби зерттеуі енді басталып жатыр. Бұл жасалып жатқан үлкен жұмыс бекер болмасына сенім зор, ғылымға, білімге, электронды технологиялардың дамуына және бүкіл елге үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх