Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан қаласының командасы чемпион атанды 8 Сәуір в 18:10 27

"Тараз қаласында 29 наурыз бен 7 сәуір аралығында көкпардан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Нұр-Сұлтан қаласының командасы бірінші лигада ел чемпионы атанды",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің барлық өңірінен үздік шабандоздар қатысқан жарыста елорда командасы 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де айқын басымдықпен жеңіске жетті. 30 наурызда Маңғыстау облысының спортшыларымен өткен ойында 6:3 есебімен ұтса, келесі күні Ақтөбе облысы көкпаршыларымен болған кездесу 8:2 есебімен елордалықтардың пайдасына шешілді.

Шымкент қаласының көкпаршыларын да 10:2 есебімен ойсырата жеңді. Ал 4 сәуір күні құраманың кезекті қарсыласы Павлодар қаласының құрамасы ойыннан бас тартып, жеңіс елордалықтардың еншісінде қалды. Ақтық сында Қарағанды облысын 7:2 есебімен ұтып, елорда көкпар құрамасы бірінші лига чемпиондары атанды.

«Спортшылардың дайындығы және жылқыларды дайындау тұрғысынан үлкен жұмыс жүргізілді. Оңтүстік пен солтүтсік аймақтың арасындағы климаттық айырмашылыққа қарамастан, оңтүстікте оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Жылқылар бейімделе алды, спортшылар физикалық тұрғыдан дайын болды, сондықтан ойын жақсы өтті. Жігіттер қорғаныста да, жекпе-жекте де барын салды. Ары қарайғы басты мақсатымыз – жоғары лигадағы үздік үштікке ену», – деді «Нұр-Сұлтан» көкпар клубының директоры Донияр Ибраев.

Елорда командасының сапында Қазбек Амангелдинов, Нұрболат Қартқожақ, Асқар Оңғарбаев, Азамат Хасенов, Абай Ережеп, Жақсылық Амалбеков, Елдос Тілебалдиев, Мейіржан Мәтжан, Владирмир Киль, Алижан Қаттабосынов, Арслан Қабжанов, Елжас Есенгелді сынды шабандоздар өнер көрсетті.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 84 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх