Нұр-Сұлтан

Мобильді топтар 72 нысанда тәртіп бұзылғанын анықтады 8 Сәуір в 16:37 18

Мобильді топтардың құрамына Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының, жергілікті полиция қызметі департаментінің, аудан әкімдіктерінің өкілдері кіреді. Биыл наурыз айынан бастап 130 нысан тексерілді.

Тексеру нәтижесі бойынша 72 нысанда тәртіп бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда дөңгелек жуу пунктерінің жұмысы қамтамасыз етілмеген, сол сияқты құрылыс аумағының ішінде өту жолдарының қатты жабыны төселмеген және қоршауы тиісті жағдайда орнатылмаған. Ал 26 құрылыс алаңында дөңгелек жуу пункті жоқ.
Мобильді топтар 72 ұйымға құрылыс алаңдарын тиісті жағдайға келтіру туралы хабарлама берді.

Қала аумақтарын абаттандыру ережелерін, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзғаны үшін 13 құрылыс салушыға қатысты әкімшілік істер қозғалды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы).

Аталған проблемалар жойылмаған жағдайда осы жылдың 12 сәуірінен бастап құрылыс нысандарында электр энергиясы өшіріліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары тоқтатылатын болады.

Төменде көрсетілген мердігер ұйымдарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес жалпы сомасы 380 мың теңгеге 2 ескерту, 11 әкімшілік айыппұл берілді.

Қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың тізімі:

1 «BAZIS-A ЖШС, «Astana real estate 2017» ЖШС А. Байтұрсынов көшесіндегі «Discovery» ТК
2 «BI Global» ЖШС «А. Байтұрсынов көшесіндегі 2000 орынға арналған мектеп құрылысы»
3. «Шар Құрылыс» ЖШС «Кенесары және Сембинов көшелерінің қиылысындағы ТК»
4. «Sat Construction» ЖШС «Ж.Нәжімеденов және С.Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы ТК»
5. «NUR-ZHAS-2030» ЖШС «А80 және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысына ТК»
6. «Иртыш Групп» ЖШС «Ж. Нәжімеденов және С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы»
7. «Zeta Construction» ЖШС «ОТАН-2» ТК А. Байтұрсынов көшесінің бойында
8 «URBAN» ЖШС 2020 «Қордай көшесіндегі ТК»
9. «Mainstreet» ЖШС “Майлин көшесі, 6»
10. «Sigma Byild» ЖШС Ж. Нәжімеденов көшесінде
11. «Грандстрой» ЖШС «Мұхамедханов көшесіндегі ТК»
12. «Мегастрой ЛТД» ЖШС «Тұран даңғылындағы мұнара»
13. «СК БАЗАР» ЖШС «Тұран даңғылындағы Nova Сity».


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх