Қарағанды облысы

Әлеуметтік әріптестік туралы жаңа келісімге қол қойылды 8 Сәуір в 13:01 17

Қарағанды облысында 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Қарағанды облысының әкімдігі, кәсіподақ бірлестіктері мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының басшылары арасында үшжақты келісім жасалды. Бұл құжат әр үш жыл сайын жаңартылып отырады. Бұл жолы жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын сақтауға, қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға баса назар аударылды. Пандемия жағдайында аталмыш алғышарттар бірінші орынға шықты.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келісімге қол қою рәсімі онлайн-режимде өтті.

Жаңа келісімге қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және кепілдендіру, өндірісті қысқарту, кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және т. б. қатысты қосымша тармақтар енгізілді.

- Бүгін қол қойған бұл құжат бізге еңбек жағдайын жақсартуға көмектеседі деп ойлаймын. Билік экономикалық тұрақтылықты сақтауға одан әрі ықпал етеді деп үміттенемін. Кәсіподақтардың ұжымдарда тұрақты атмосфера құруға, рационализаторлықты дамытуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көмектесуін қалаймын, - деп атап өтті тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың айтуынша, бұған дейінгі келісім аясында жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі кеңейе түскен. Жаңа құжатта жұмысшы кәсіптерінің имиджін арттыруға баса назар аударылды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік серіктестерге конструктивтілік пен жауапкершілік үшін алғыс айтты.

- Шынында да, бір ғана жеңімпаз болуы мүмкін емес. Біз барлық тараптарды барынша қанағаттандыратын ортақ шешім табуымыз керек, - деп есептейді өңір басшысы. - Қол қойылған келісім – бұл біз қажет болған жағдайда өзгерістер енгізе алатын негізгі құжат екені түсінікті. Еңбек және әлеуметтік қатынастарға әсер етуі мүмкін көптеген аспектілер бар. Өткен жылы біз сіздермен, ең алдымен жұмыс берушілермен бірге пандемия кезінде өте тығыз жұмыс жасадық. Жұмыс орындарын сақтап қалдық, сонымен қатар бірқатар кәсіпорындар жалақысын көтерді.

Әлеуметтік әріптестік туралы осындай келісімдерге облыстың барлық қалалары мен аудандарында қол қойылады.

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх