Нұр-Сұлтан

Кәсіптік оқытуларға қатысушылармен сұхбат басталды 26 Ақпан 2021 в 17:00 39

"Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға қатысушыларды анықтау мақсатында оқыту орталықтарының басшылары, жұмыс беруші және үміткер арасында үшжақты кездесу ұйымдастырылды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сұқбаттасудың мақсаты жұмыс беруші кәсіптік оқуға өтініш берушілердің арасынан өз таңдауын жасайды. Оң нәтиже алған үміткер таңдаған мамандығы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына жіберіледі.

Қолына сертификат алғаннан кейін жұмыс беруші ұсынған жұмысқа орналасады. Бүгінгі сұқбаттасу кондитер, аспаз, наубайшы мамандығын таңдағандар арасында өтті. Кездесу қортындысы бойынша 9 үміткер жұмыспен қамтылатын кәсіптік оқу курсына жіберілді. Алдағы күндері өзге де мамандықтарды таңдағандар арасында сұқбаттасу өтеді.

Кәсіптік оқыту мәселелері бойынша толық ақпаратты мына нөмірлерге хабарласу арқылы алуға болады: +7 775 753 43 91; 8 (7172) -95 44 24, 95 44 16.

Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін тиісті мамандықтар тізбесі мен орындарды бөлу бекітілді. Бекітілген тізімде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізілетін 14 мамандық бар. Барлығы 200 орын бөлінді.

Сонымен, курстар аясында аспазшы (жалпы профиль) – 30 орын, наубайшы (жалпы профиль) – 15 орын, тігінші (оператор тігінші) – 30 орын, тігінші – 40 орын, шаштараз – 25 орын, кондитер – 15 орын, бақылаушы-кассир – 10 орын, тәрбиеші көмекшісі – 2 орын, тәрбиеші – 8 орын, SMM менеджері – 5 орын, дәнекерлеуші – 5 орын, слесарь-сантехник – 5 орын, кран машинисі – 5 орын, техник электрик – 5 орын.

Ал SMM менеджері мамандығы бойынша оқыту 2 ай, қалғаны үшін – 3 ай.

Бағдарламаға халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер қатыса алады.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх