Қызылорда облысы

Күре жолдың бойынан тағы бір нысан ашылды 25 Ақпан 2021 в 10:30 42

Қызылорда қаласында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойынан жаңа  жанар-жағар май құю кешені ашылды.


«Petro Retail» ЖШС-нің «Qazaq oil» кешені Қызылорда қаласының іргесіндегі Бірқазан елді мекенінің тұсынан салынған. Жаңа бекеттің ашылуына қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Нұридинов қатысып, кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

«Жалпы кәсіпкерлікті дамытуға қала әкімдігі тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Бүгінгі кешеннің ашылуы осының бір көрінісі. Кәсіпкерге қала әкімдігінің көрсеткен қолдауының арқасында кешен салуға жер бөлініп, қалаға қосымша инвестиция тартылды. Қазіргідей қиын кезеңге қарамай кәсіп ашып, тұрғындар жұмыспен қамтылып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының саны артып келеді» - деген Бектас Балғабайұлы қала әкімдігі кәсіп бастауға ниетті азаматтарға қашан да қолдау білдіретіндігін айтты.

Жаңа кешенде келушілер үшін бөлшек сауда пункті мен тамақтану орны қарастырылған. Бір тәулікте 700 көлікке дейін қызмет көрсете алатын бекетте 23 адам жұмыспен қамтылған. Нысанға «Petro Retail» ЖШС-і 700 млн теңге жұмсаған.

«Petro Retail» ЖШС өкілі Айдар Балғожаевтың айтуынша республика бойынша 400-ге жуық «Qazaq oil» бекеті халыққа қызмет етеді. Биыл Қызылорда облысының Арал, Қармақшы аудандарында және Қызылорда қаласында 4 нысан өз жұмысын бастаған. Сонымен қатар жақын күндері 98 маркалы бензин отынын қала нарығында алғаш болып сатылымға шағырауды жоспарлап отырғандықтарын да атап өтті.

Айта кетейік, «ҚазАвтоЖол» АҚ-ның өңірлік филиалы мен жергілікті атқарушы билік келісіміне сәйкес «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында 41 жол бойы сервистік нысан салынатын жер белгіленген. Оның ішінде 10 жоба қала үлесінде болса, қазір 6 жоба іске қосылды. Бүгін жұмысын бастаған «Qazaq oil» кешені жетінші жоба болып отыр.



Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 424 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 107 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 86 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх