Елордалық спортшылар ел чемпионатында екі алтын медаль алды 26 Ақпан 2021 в 09:30 37
Елордалық спортшылар ел чемпионатында екі алтын медаль алды 26 Ақпан 2021 в 09:30 37
"Елордалық спортшылар грек-рим күресінен ел чемпионатын олжалы бастады. Ақтөбе қаласында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұр-Сұлтан қаласы құрамасының екі спортшысы 1-орын иегерлері атанды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
63 келіде сынға түскен балуан Асаухат Мухамадиев финалдық кездесуде Алматы облысынан келген Ғалым Қабдунасаровтан басым түссе, 87 келідегі спортшы Мақсат Сайлау ақтық сында Жартас Нұрғалиды (Алматы облысы) жеңіп, алтын медаль тақты.
Естеріңізге сала кетейік, 23-25 ақпан аралығында Ақтөбе қаласындағы “Жекпе жек” спорт кешенінде грек-рим күресінен (U23) ел чемпионаты өтіп жатыр.
Аталған дода барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылуда.
Комментарийлер