Нұр-Сұлтан

Елордада жаңа қоғамдық кеңістіктер абаттандырылады 8 Сәуір в 16:29 17

"Елорданың Урбанистика орталығы қала тұрғындарымен қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша қоғамдық талқылаулар өткізеді. Осындай кездесулердің қорытындысы бойынша Бейсекбаев және Сейфуллин көшелеріндегі жаңа алаңдардың эскизі дайындалады",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Воркаут-аймақ, түрлі жаттығу құрылғылары бар спорт-аймақ, иттерді серуендетуге арналған алаң. Аты аталған орындар Бейсекбаев көшесі 21, 21/1 және Сейфуллин көшесі 69, 69/2 үйлерінің жанындағы аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімінде қарастырылған. Мұндай шешімге қала тұрғындары мен Урбанистика орталығының өкілдері тоқталды.

Жоба аясында бірнеше ойын алаңы, отыратын орындары бар тыныш жер, киім кептіруге арналған орын, көлік тұрағы көзделген. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру да жоспарланып отыр. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. Жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізіліп жатыр.
Қоғамдық талқылау – ауланы біріге отырып жобалаудың бір бөлігі.

«Естеріңізге сала кетейік, белсенділердің урбанистермен бірлескен жұмысының мәні – тұрғындар өз ауласында қандай өзгерістер болғанын анықтайды. Соның негізі бойынша тілектерге сүйене отырып, жобалық шешім жасалып, идея жүзеге асырылады. Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының өтінішін жинайды. Тұрғындармен кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық кеңістікті жайластыру бойынша эскиздік ұсыныс пайда болады», – деп атап өтті урбанистика орталығында.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх