Нұр-Сұлтан

Елордада волонтерлікке жастарды тегін дайындайды 20 Ақпан в 18:00 16

"Астана жастары" еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді. «Астана жастары» «Волонтерлер мектебіне» қабылдау үшін жастарды тегін дайындайды",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Волонтерлік мектеп» үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлері және халықаралық іс-шаралар.
Қазіргі уақытта "Астана жастары" КММ-де 300 белсенді еріктіден құралған арнайы команда бар. Ал қала бойынша барлығы 3000-ға тарта волонтер тіркелген. Сол сияқты 25 волонтерлік ұйыммен ынтымақтастық жүргізілуде.

Волонтерлер жұмысы мынадай бағыттарға бөлінеді: спорттық, әлеуметтік, EVENT, ECО, ТЖ (жаңа бағыт).

«Астана жастары» қатарында волонтер болу үшін не істеу керек? Бастысы төменде көрсетілген құжаттарыңыз болып, шарттарын орындауыңыз қажет:

* Жеке куәлік (паспорт, туу туралы куәлік);
* Сауалнама толтыру;
* Әңгімелесуден өту;
* Өтініш берушіге ұйымның сай келуін анықтау;
* Волонтер болу ниетіне сенімділік.

Волонтер болу туралы шешім қабылдасаңыз төменде көрсетілген сілтемелерге өтіп, байланысқа шыға аласыз: www.astanajastary.kz @astana_jastary @astana_zhastary_volunteers

Ссылка на видео: https://youtu.be/69I4eaJXxyo




Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 451 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 116 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх