Нұр-Сұлтан

Елордада мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру бойынша өтінімдер қабылдануда 8 Сәуір в 16:15 15

"Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды",- деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары — бұл мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары.

Ал арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялар беріледі.

Осы ұсынысқа қызығушылық танытқан жағдайда өтінімді Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы («Өркен» БО) бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.

Арнайы жұмыс орындарын құру туралы қосымша ақпаратты 72-93-41, 8-775-763-07-09 телефондары арқылы алуға болады.


Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 439 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 102 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 85 Алматы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх