Нұр-Сұлтан

Елордада дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі өтеді 20 Ақпан в 16:00 26

"Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Бұрқасын-2021» қысқы фестивалі 28 ақпанда өтеді. Аталмыш іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 8 түрінен өтеді",- деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс мынадай спорт түрлерінен өтеді: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, пималы хоккей, қармен нысананы дәлдеп ату жарысы, автомотоспорт және қысқы футбол.

Жарысқа денсаулығы жарамды тілек білдірушілердің бәрі қатыса алады. Тіркеуден өту кезінде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Шаңғы жарысына тіркелу 20-26 ақпан аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, WhatsАpp желісі бойынша Online режимінде жүргізіледі. Өтінімдер +7 (707) 913 91 38 нөмірі бойынша қабылданады.

Шаңғы жарысына қатысушылардың старттық нөмірлері әр жас тобы бойынша 30 минут бұрын беріледі.

Жарыс санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жүргізіледі.

Әр жас тобындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Іс-шара сағат 11:00-де Есіл өзеніндегі Амфитеатр жанында өтеді.

Ссылка на видео: https://youtu.be/WEwkDy7AxR0

Маңызды жаңалық

Комментарийлер

Ақпарат графигі

  • 455 Нұр-Сұлтан бойынша барлық жаңалықтар
  • 109 Түркістан облысы бойынша барлық жаңалықтар
  • 97 Қарағанды облысы бойынша барлық жаңалықтар
Наверх